Skip to content

«Жас қылқалам шебері» көрмесінің АНЫҚТАМАСЫ

2024 жылдың 19 қараша күні “Жас қылқалам шебері” көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 6 “в” сынып оқушысы Жалғасов Ниғметтің Шалқар аудандық Көркем сурет лицейінде жасалған жұмыстары көрсетілді.

    Көрменің мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту, шығармашылыққа жетелеу.  Сурет  өнері- тыныштық  сыйлап,  қиял  әлеміне  сапар  шегуге  жетелейді.  Қылқаламмен  ақ  қағаз  бетіне  сурет  салып,  жансыз  бейнені  тілсіз  сөйлеткендей  әсем  бейнелеу  екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейді. Көрмеде ұсынылған әр туынды – айрықша. Бояулар ашық, түстер композициясы үйлесімді. Көрмеде ұсынылған суреттердің өзіндік мағынасы бар. Бір суретте отбасы деген махаббатты бейнелесе, екінші бір суретте  қорша­ған ортаның ғажап көрінісін суреттеген.

Жалғасов Ниғмет – “Атамұра” республикалық ғылыми- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Бояулар құпиясы” жас суретшілер байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *