ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
👮♂️⚖️ Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара 11-сынып оқушыларымен учаскелік инспектор Жасұлан Асхатұлының қатысуымен өтті.
Оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау туралы маңызды ақпараттар берілді.
Мақсат — жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.

