🎬 ⚖️ «Заң және тәртіп» айлығы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын бойына сіңіру мақсатында 230 оқушыға «Капитан Байтаcов» көркем фильмі көрсетілді.
🎯 Аталған фильм Отанға адал қызмет етудің, заң алдындағы азаматтық парыздың, батылдық пен адамгершіліктің айқын үлгісі болып табылады. Экрандағы әрбір көрініс жасөспірімдерді заңды құрметтеуге, тәртіпке бағынуға, ел тыныштығы үшін жауапкершілік алуға тәрбиелейді.
Фильм оқушыларға терең ой салып, патриоттық рухты нығайтып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.
Қатысқан оқушылар саны: 230.



