Skip to content

“Ұлыстың ұлы күні-Наурыз” мерекесіне  ұйымдастырылған ұлттық тағамдардан жәрмеңке

Мақсаты:

Оқушылардың бойында қамқорлық сезімдерін ояту, игі істер жасауға дағдыландыру,

– Оқушыларды бір-біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.

Наурыз  – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлатудың жана тұжырымдамасы бекітілді. Алдымыздағы жылдан  бастап Ұлыстың ұлы күні қарсаңында онкүндік бастау алды. Наурызнаманы мерекелеу кезінде игі істер дәстүрін тарату,  қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру аса маңызды, өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болатын. Наурызнаманың алғашқы мерекесі – «Амал мерекесі – Көрісу күні» болса, екіншісі – Қайырымдылық күні. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – елді айрандай ұйытып, халықты біріктіру. «Ұлыстың онкүндігі»  аясында 19 наурыз күні оқушыларды қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға шақыру және адамшылдық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіру мақсатында «Қайырымдылық» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 10 сынып оқушылары атсалысып, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Жәрмеңкеден түскен қаржыға 4 «В» сынып оқушысы Төлебай Алинаға қыстық күртеше табысталды. Жалпы құны 35 000тг құрады.

Қатысқан оқушы саны: 50 оқушы 

Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *