Ұл әкесіне немесе қыз баланың шешесіне әлдебір шаруаға шамасына қарай жәрдемдесіп жатқанын көрген адам: «оу, ұлың қолғабысқа жарап жігіт болыпты ғой», «қызың қолғанат болып, бойжете бастапты ғой» деп жас балаларды көтермелеп мақтап, олардың омырауына түйме, тана, ақық, маржан секілді нәрселерді қадайды. Мұны «танабау тағу» деп атайды.
Дәстүр бойынша баласына «танабау» тағылған үй көрші-көлем, жақындарын шақырып, арнап дастарқан жайып атап өтеді.
Сахналық көрініс “Танабау тағу”.
#наурызнама
#ақтөбенаурызнама
