Күні: 24.01.2025ж.
Қатысқандар саны: 8 оқушы
Мақсаты: Тыныс алу жаттығуларының мақсаты — гипоксияға төзімділікті жоғарлату, дененің бейімделу қасиеттерін күшейту.
Жауапты: арнайы педагог Ақшолақова Н.Б.
2025 жылдың 24 каңтар күні Тыныс алу жаттығулары арқылы түзету сабағы өткізілді.
Тыныс алу жаттығулары – әдемі сөйлеудің, денсаулық кепілінің басты негізі
Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.


