🎓 Түлектерден тарту – ұрпақтар сабақтастығының үлгісі! 🎁
2025 жылдың 23 мамыр күні мектебімізде жүрекке жылы, ерекше шара өтті.
35 жылдық, 20 жылдық және 10 жылдық мерейтой иелері – түлектеріміз өздерінің алтын ұясына тарту жасап, арнайы сертификат табыстады.
🔹 Бұл тарту – мектепке деген құрметтің, ұстаздарға деген алғыстың жарқын көрінісі.
🔹 Ұрпақтар арасындағы рухани байланыс пен мектебімізге деген шынайы сүйіспеншілік ерекше сезілді.
Түлектерімізге көрсеткен қолдаулары мен жанашырлықтары үшін зор алғыс білдіреміз!
Ізбасар шәкірттеріңіз сіздерден үлгі алады деп сенеміз. Жолдарыңыз әрдайым ашық болсын! 🌟



