Skip to content

«Түлектен тарту» жобасы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы аясында мектебіміздің түлектері…

«Түлектен тарту» жобасы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы аясында
мектебіміздің түлектері тарапынан зор қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда, оқу кабинеттеріне жалюзи орнатылып, психология кабинеті мен спорт залына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарына демеушілік жасалды.

Туған мектебіне деген сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қолдауларыңыз – жас ұрпақтың сапалы білім алып, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған игі бастама деп білеміз.
Сіздердей жүрегі кең, елжанды азаматтардың үлгілі істері – кейінгі буынға өнеге болары сөзсіз.

Мектебіміздің ұжымы атынан шынайы алғысымызды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, өмір жолдарыңызға сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *