Тарих және қоғамдық пәндер апталығы аясында 5-сынып оқушыларымен "Отан тарихы" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаттары – оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи білімдерін бекіту, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту болды.
Іс-шара барысында оқушылар бұрын өткен тақырыптар бойынша дайындалған викторина сұрақтарына жауап беріп, өз білім деңгейлерін көрсете алды. Сонымен қатар, Қазақстан картасымен ойын ұйымдастырылып, оқушылар пазл бөлшектерін құрастыра отырып еліміздің географиялық аймақтары туралы қызықты мәліметтермен танысты.
Бұл сабақ балалардың танымдық белсенділігін арттырып, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытып, Отан тарихына деген сүйіспеншілігін тереңдете түсті.
Өткізген: Загитова М.З
