2025 жылдың 23 сәуір күні Аудандық орталық кітапхана қызметкері мен №5 мектеп лицейінің кітапханашысының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Шолпан жұлдыз өзіңсің, шоқтай жарық» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш кезінде Әлия Молдағұлова туралы өлеңдер, әндер мен тарихи мәліметтер ұсынылады. Оқушылар оның өміріне қатысты деректі және көркем шығармаларды оқып, Әлия Молдағұлованың батырлық бейнесін ашуға тырысты. Кештің негізгі мақсаты – оның ерлігі мен ұлтына деген адалдығын оқушыларға таныстыру және осы арқылы оларды Отанын сүюге, елінің тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.
Мақсаты:
- Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін еске алу, оның батырлық қасиеттерін, отаншылдық рухын оқушыларға жеткізу.
- Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ерлігі мен оған қатысты тарихи деректерді дәріптеу.
- Оқушылар арасында патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, қазақтың батырлық тарихын жаңғырту.
Қатысқан оқушы саны: 16