Күні: 17.01.2025ж.
Қатысқандар саны: 4 оқушы
Мақсаты: Дәнді- дақылдармен жұмыс жасау арқылы сенсорлық интеграцияны дамыту
Жауапты: арнайы педагог А.Қ.Балтабаева.
2025 жылдың 17 қаңтар күні “Сенсорлық интеграция” тақырыбында түзету жұмысы өткізілді. Мақсаты: Дәнді- дақылдармен жұмыс жасау арқылы сенсорлық интеграцияны дамыту.
Сенсорлық интеграция-бұл адамның сенсорлық жүйелерінен (көру, есту, дәм, иіс, сезімталдық, вестибулярлық сезім, проприоцептивті сезім) алынған ақпаратты мидың өңдеу және ұйымдастыру процесі. Сенсорлық интеграция жаттығулары:
көру және есту қабілеттерінің;
жалпы және ұсақ моторикасына;
зейін шоғырлануына ;
өзін-өзі тануына, баланың жақсаруына көмектеседі.



