Skip to content

Сабақты зерттеу фестивалі – Lesson Study «Заманауи педагог: бастама және…

Сабақты зерттеу фестивалі – Lesson Study
«Заманауи педагог: бастама және шығармашылық» атты аудандық байқаудың І (ілгері) деңгей – «Педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылық» номинациясы бойынша №5 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, І (ілгері) деңгей бойынша сертификатталған көшбасшы маманы — Піралина Гүлжанат Жәрдембергенқызы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Байқау аясында мұғаліміміз мектеп/сынып базасында іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін жан-жақты, ғылыми-тәжірибелік негізде ұсынып қана қоймай, зерттеу жұмысының ұзақ мерзімді тиімділігі жетекші мектеп ретіндегі «Шамшырақ» мектеп қоғамдастығының жүйелі, мақсатты жұмысын нақты деректер мен нәтижелер арқылы айқын дәлелдеп көрсетті.
Бұл – педагогикалық көшбасшылық пен зерттеуші ұстаз бейнесінің айқын көрінісі!
Құттықтаймыз, Гүлжанат Жәрдембергенқызы! Жаңа кәсіби белестер мен шабытты жобалар күтеміз!
#Шамшырақ_қоғамдастығы
#ісәрекеттегізерттеу
#LessonStudy
#педагогикалықкөшбасшылық
#заманауипедагог
#зерттеушімұғалім
#Шалқарбілім
#№5мектеплицей

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *