Skip to content

#Repost @shalkarbilim with @use.repost ・・・ ⚜️2025 жылдың 10қазан күні №3…

#Repost @shalkarbilim with @use.repost
・・・
⚜️2025 жылдың 10қазан күні №3 ЖОББМ-де 8-11сынып оқушылары арасында облыстық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Көркемсөз оқу», «Эссе жазу», «Ақындар мүшайрасы», «Шешендік өнер» бағыттары бойынша 45оқушы қатысты. Жүлделі І орынмен “Көркемсөз” оқу бағыты бойынша 3ЖОББМ-нің 10сынып оқушысы Хасенова Аяулым, “Ұлттық аспапта өнер көрсету”бағыты бойынша 2МГ-ның 9сынып оқушысы Айдынұлы Азамат, “Эссе жазу” бағыты бойынша 1МГ-ның 11сынып оқушысы Оразова Әсемназ, “Шешендік өнер” бағыты бойынша 3ЖОББМ-нің 8сынып оқушысы Манабергенова Аягөз , “Ақындар мүшайрасы” бағыты бойынша 3ЖОББМ-нің 11сынып оқушысы Сайлыбай Ақнұр иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын оқушыларымызға жеңіс тілейміз!

@aqtobe_bilim_basqarmasy
@k.bulbul78
@shalkarbilim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *