#Repost @shalkar_audanynyn_akimdigi with @use.repost
・・・
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ардагерлер арасында ұйымдастырылған V облыстық спартакиадада футболдан Шалқар ауданының командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Тартысты өткен жарыстың іріктеу кезеңі Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында өтті. Аталған кезеңде Шалқар ауданының командасы өз тобындағы барлық қарсыластарынан басым түсіп, топты бірінші орынмен аяқтап, Ақтөбе қаласында өткен финалдық кезеңге жолдама алды.
Финалдық бәсекеде де аудан намысын лайықты қорғаған команда үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі үшінші орынды иеленіп, аудан мерейін үстем етті.
Аудан намысын абыроймен қорғап, жүлделі орынға ие болған ардагер спортшыларды және команда жетекшісін шынайы құттықтаймыз, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

