Skip to content

Психолог

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Ата—аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығы» бағдарламасын жүзеге асыруда 4-сынып ата-аналары мен оқушыларының қатысуымен «ОТБАСЫЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ КЕПІЛІ – СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» тақырыбында ата-ана мен бала бірлескен арт-терапиялық жұптық жұмыс өтті. Арт-терапия дегеніміз – сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді. Сенімсіздіктің теріс салдарынан арылу.

Шара барысында ата-аналар мен балалардың алдарына әйнек, қыл қалам және гуаш берілді. Бала мен ата-ана бір әйнекке тігінен, бірақ әр түрлі жағынан сурет салады. Тапсырма – бояулардың көмегімен бір-бірімен сөйлесу.

 Шараға 12 оқушы, 12 ата-ана қатысты.

13 қыркүйек күні психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес5-сынып ата-аналары мен оқушыларының қатысуымен «Отбасы сәні сыйластық» тақырыбында ата-ана мен бала бірлескен арт-терапиялық жұптық жұмыс өтті.

Шараға 4 оқушы, 4 ата-ана қатысты.

2024 жылдың 1 қазан күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларымен жеке тұлға ретіндегі дамуы, бейімделуі, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісін кеңейту мақсатында «Кел, танысайық!» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, бір – бірімен тығыз достық қарым – қатынаста болуды үйренді.
Қатысқан оқушы саны: 94

2024 жылдың 07 қазан күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес 5 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Мақсаты: 5 сынып оқушыларына орта буынға тез және жеңіл бейімделуі қалыптастыру; бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту; талапқа сай тәртіп ережесін игеру, бекіту; сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру. Қатысқан оқушы саны: 95

Сыныптың ауызбіршлігін, ынтымақтастығын дамыту мақсатында «Достық қолы-бірлікке шақырады» тренинг 2-3 сыныптарда өткізілді. Қатысқан оқушылар саны: 73.

6-7 сынып оқушыларымен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, достыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Достық пен татутылық өмірдің қызығы» атты тренингі жүргізілді. Тренингке 82 оқушы қатысты.

 2024 жылдың 4 қазан күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты мерекемен құттықтау челленджі өтті.

Мақсаты: педагогикалық ұжымды бір арнаға жұмылдыру, шығармашылық жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру, эмоционалдық ауыртпалықтан арылту, өзінің кәсіби рөлін сезіну.

Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өз-өздеріне құрметпен қарауға, бір-біріне  деген сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған челленджге ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. Челлендж арқылы белсенділікті арттыру, бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне кедергі келтірмеу, өз ойыңды ашық айта білуге үйрену, өзіңе пайдалы нәрсені алу, әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу, өзін еркін ұстауға үйренді. Қатысқан мұғалімдер саны: 30.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларғабойларындағы қабілетін ашу, бірі –бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, жан – жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету мақсатында  «Қолтырауын» жаттығуы, «Саусақпен сурет салу» ойындар, «Мектеп суреті» проективті әдістемелері алынды.

 Жыл басынан мектепішілік есепте, қолайсыз отбасы, үйден оқитын, өгей әке, анасымен тұратын оқушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын және отбасындағы психологиялық ахуалын анықтау мақсатында мектеп жанынан құрылған комиссия мүшелерімен үй жағдайы тексеріліп, акт жасалынды.

2024 жылдың 01-31 қазан күндері «БУЛЛИНГСІЗ ӘЛЕМ» тақырыбындағы аудандық айлық профилактикалық іс-шара науқаныны өтті. Шараның мақсаты: білім алушылар арасында кездесетін әлімжеттік жағдайлардың себептерін анықтау және алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.

18 қазан күні 1-4 сыныптарында  «Буллинг дегеніміз   не?» атты танымдық сабағы өтті.

22 қазан күні математика және информатика бірлестігінің ұйымдастыруымен «Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?» тақырыбында мектеп оқушыларымен сұхбат жүргізілді.

«БУЛЛИНГСІЗ ӘЛЕМ» тақырыбындағы аудандық айлық профилактикалық іс-шара науқаны негізінде ұйымдастырылған «Буллингсіз орта?» атты жедел профилактикалық рейд шарасы ұйымдастырылды. 

23 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі “Буллингсіз әлем” тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен эссе өткізді. Өткізілген шара мектеп парақшасына жарияланды.

21.10.2024 ж. 8 “Б” сыныбында “Буллингтің адам өміріне әсері?” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі.

2024 жылдың 6 қараша күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес 4а сынып оқушыларымен түзету – дамыту жұмыстарының бірі “Қызық әрі қиын” атты тренинг өтті. Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, жылдам әрі тез қимылдауға үйрету. Сонымен қатар ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушылар тренингке белсенділікпен қатысып алған әсерлерімен бөлісті. Қатысқан оқушы саны: 23

Жаңашылдық, даму, жаңа қарқын, ерекшелік – әр бағыттың өзгерісін талап етеді. Өзгеріс – жұмыс аясына жарқын серпіліс береді. 2024 жылдың 25 қараша күні шынайы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «Психологиялық қолдау» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Кабинетте жайлы әрі тыныш атмосфера орнатып, заманауи үлгіде аймақтар мен түрлі түзету-дамыту орындар белгіленген. Бұл кабинет тек кәсіби қызмет көрсету орны ғана емес, сонымен қатар әр адамның ішкі әлеміне үңіліп, оған көмек көрсетуге арналған мекен. Психологиялық мәселелер мен қиындықтарды шешуге қолдау мен көмек көрсету үшін оқушылар және ата-аналарға әрдайым ашық.

Шараның барысына қатысқан қонақтар:

  1. Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскері Есбосынов Сәбит Зұлхашұлы,
  2.  Мектепішілік “Қамқоршылық кеңес” мүшесі Жоламанова Айнұр Бағжанқызы,
  3.  №5 мектеп-лицей ұжымы.

Сонымен қатар «Психологиялық қолдау» кабинетінің лентасын қию рәсімі құрметті қонақтарымызға бұйырды. Жаңа ғимарат, жаңа кабинетке алғаш қадам басып, құрметті қонақтарымыз жылы лебіздерін білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

2024 жылдың 03 желтоқсанында 9-11 сынып білім алушылар арасында республикалық пәндік олимпиаданың ІІ аудандық кезеңіне қатысатын оқушыларға арнап психологиялық тренинг өтті. Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне 37 оқушы қатысады.

2024 жылдың 9 желтоқсан күні №5 мектеп-лицейінің 8 “Г” сынып оқушыларына лицей компонент оқыту жолында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында “Сенімділік” атты тренинг жүргізілді. Мақсаты: мектептегі қатыгез қарым-қатынастың алдын-алу , тұлғаның өзін-өзі бағалауын арттыру, жағымды психологиялық көніл-күй қалыптастыру. Қатысқан оқушылар саны: 20

2024 жылдың 9 желтоқсан күні №5 мектеп- лицейінің 8 “В” сынып оқушыларына психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету мақсатында “Сенімділік” атты тренинг жүргізілді. Мақсаты: мектептегі қатыгез қарым-қатынастың алдын- алу , тұлғаның өзін-өзі бағалауын арттыру, жағымды психологиялық көніл- күй қалыптастыру. Қатысқан оқушылар саны: 20

2024 жылдың 12 желтоқсан күні мектебімізде “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясы аясында Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бекетова Маржан Қалдауқызы, Шалқар ауданы ІІБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы полиция капитаны Журмагамбетова Бекзада Алмасқызы, “№5 мектеп-лицейінің “Аналар”кеңесі мүшелерінің қатысуымен “Отбасындағы әйелдің рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс шарада қоғамдағы маңызды тақырыптар талқыланып, мектеп психологі сергіту жаттығуларын жүргізді.
Қатысқан ата-ана саны: 15.

2024 жылдың 12 желтоқсан күні психологиялық қызмет жұмысы “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясы аясында 11б сынып оқушыларымен “Сен және Мен. Біз әлемді өзгертеміз” тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: зорлық – зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру. Адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы қысқаша мағлұмат беру, пікір алмасу. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстау, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Шара барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін “Өзіме және көршіме” жаттығуы өтті. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты Арт терапияжұмысы жүргізілді. Қылқаламның көмегімен жұптасып сурет салды. Оқушылар өз қиялына ерік беріп жақсы туындылар шығарып, өз ойларын ортаға салды. Қатысқан оқушы саны: 25.

2024 жылдың 8 қаңтар күні оқушылардың қысқы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 8-9 сынып ер балаларының қатысуымен “Өзіңді өзің бағала” тақырыбында арт терапия өткізілді. Оқушылар ырғақты әуенмен қыл қаламның көмегімен тасқа өз қиялындағы сурет салды. Салған суреттерінің ман мағынасын атап өтті. Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді. Қатысқан оқушы саны: 11.

2025 жылдың 17 қаңтар күні № 5 мектеп – лицейінің 6”Б” сынып оқушыларына лицей компонент оқыту жолында психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету мақсатында “Білім әлемінде” атты квест – ойыны жүргізілді. Мақсаты: білім алушылардың таңымдық белсенділігін арттыру, тұлғаның өзін-өзі бағалауын дамыту, жағымды психологиялық көніл – күйін қалыптастыру. Қатысқан оқушылар саны: 30.

ЕББҚЕ оқушы оқушылардың зейіні мен есте сақтау қабілетін арттыруға, сонымен қатар, оқу процесіне ынталандыруға бағытталған. Барлығы: 22 ЕББҚЕ оқушылары қатысты.  

Нейрогимнастика – ерекше білім беретін оқушылардың когнитивтік функцияларын (есте сақтау, зейін, логикалық ойлау, және концентрация) жақсарту мақсатында физикалық қозғалыстар мен ақыл-ой жаттығуларын үйлестіретін әдіс. Бұл жаттығулар мидың икемділігін арттыру, нейрондық байланыстарды күшейту және эмоционалды реттеуді қолдау үшін әзірленген.

Негізгі ерекшеліктері:

            •          Интеграция: Физикалық қозғалыстар мен мидың жұмысын үйлестіру арқылы нейрогимнастика жаттығулары дене мен ақыл-ойдың өзара әрекеттесуін дамытады.

            •          Көпқырлы әсер: Нейрогимнастика тек физикалық денсаулықты ғана емес, сонымен қатар, психологиялық және әлеуметтік даму аспектілерін де қолдайды, әсіресе ерекше білім беретін оқушылар үшін маңызды.

            •          Ойын және шығармашылық элементтері: Жаттығулар ойын формасында өткізіледі, бұл оқушылардың қызығушылығын оятып, оларды белсенді және ынталы болуға шақырады.

Нейрогимнастика жаттығулары ерекше білім беретін оқушылардың оқу процесіне, эмоционалды тұрақтылығына және жалпы жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді.

Қорытынды:

Нейрогимнастикалық жаттығуларды жүйелі түрде орындау оқушының есте сақтау, зейін, ойлау қабілеттерін жақсартып, оқу процесіне оң ықпал етеді. Сондықтан жаттығуларды күнделікті әдетке айналдыру ұсынылады.

21 қазан күні Эстетика бірлестігінің өткізуімен 7-8 сыныптар арасында “Буллингсіз әлем” тақырыбында  сурет көрмесі өтті.

2024 жылдың 8 қаңтар күні оқушылардың қысқы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 8-9 сынып ер балаларының қатысуымен “Өзіңді өзің бағала” тақырыбында арт терапия өткізілді. Оқушылар ырғақты әуенмен қыл қаламның көмегімен тасқа өз қиялындағы сурет салды. Салған суреттерінің ман мағынасын атап өтті. Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді. Қатысқан оқушы саны: 11

5-11 сыныптарында “Мен және менің ортам” атты тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Қатысқан оқушылар саны: 64 оқушы.

2025 жылдың 10 ақпан күні кәмелетке толмағандар арасындағы буллингке қарсы көзқарасын
қалыптастыру және адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында “Буллингтен қорған” тақырыбында 8б сынып оқушыларына сынып сағатты өтті. 

“Мазасыздықты жеңілдету әдістері мен тәсілдері” тақырыбында 7-8 сыныптарында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Мақсаты – баланың бойындағы мазасыздықты жою, өзіне деген сенімділікті дамыту. Қатысқан оқушылар саны: 81.

3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен және менің ортам» психологиялық тренингі өтті. Мақсаты: оқушылардың өз-өзіне сенімділік, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, мәселені шешу қабілеттерін арттыру және тұлғалық өсуге ықпал ету, топ ішінде жұмыс жасай білу. Тренинг ойын түрінде өткізілді, бұл балалардың қызығушылығын арттырып, топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіне білді. Қатысқан оқушы саны: 48

10а сыныбында “Менің отбасымдағы тыныштық” тақырыбында «Қолайсыз» отбасындағы оқушылармен тренинг өтті. Мақсаты: отбасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзара түсіністікті жақсарту және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру. Қатысқан оқушылар саны: 25.

6-7 сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында “Энергоджайзер” атты тренинг жүргізілді. Мақсаты: мектептегі қатыгез қарым-қатынастың алдын- алу, тұлғаның өзін-өзі бағалауын арттыру, жағымды психологиялық көніл – күй қалыптастыру. Қатысқан оқушылар саны: 24.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары — бұл балалардың жеке ерекшеліктері мен дамуындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған педагогикалық шаралар жиынтығы. Мұндай жұмыстардың мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру процесін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлғалық қабілеттерін арттыру, шығармашылығын дамыту сондай-ақ қоғамда толыққанды өмір сүруге дайындау. Психологиялық қызмет жұмысы оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сурет салу, нейрогимнастикалық жаттығулар сергіту сәттерін өткізді. Бұл бағытта баланың эмоционалдық жағдайы, мінез-құлқы, қарым-қатынас дағдылары, зейін және есте сақтау қабілеттері түзетіледі.

Оқушылардың психоэмоционалды жағдайын жақсартуға, өз-өзіне сенімін арттыруға, зейінін шоғырландыруға, ұсақ моторика мен шығармашылық қабілетін дамытумақсатында ЕББҚЕ оқушыларымен «Арт-терапия» жаттығуы жүргізілді.Барлығы: 21 ЕББҚЕ оқушы қатысты. 

Арттерапия – бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушылардың ішкі күйзелісін, эмоциясын, ойы мен сезімін сурет, музыка, мүсіндеу, қолөнер және басқа шығармашылық тәсілдер арқылы білдіруге және реттеуге мүмкіндік беретін емдік-педагогикалық әдіс.

ЕББҚЕ оқушыларымен «Шульте кестелері» әдістемесі алынды.  Мақсаты:  оқушылардың зейінін, көру қабілетін, есте сақтауын және ойлау жылдамдығын дамыту. Барлығы: 21 ЕББҚЕ оқушы қатысты. 

Шульте кестесі — белгілі бір тәртіппен орналасқан сандар немесе әріптер жазылған квадрат кесте. Ең кең таралған түрі — 5×5 өлшемдегі сандар (1-ден 25-ке дейін). Оқушының міндеті — сандарды өсу ретімен (немесе кему ретімен) мүмкіндігінше жылдам табу.

Жаттығуды орындау нұсқасы:

            1.         Оқушыға кестені көрсетіп, 1-ден 25-ке дейінгі сандарды ретімен табуын сұраңыз.

            2.         Уақытты белгілеңіз және нәтижелерді жазып отырыңыз.

            3.         Уақыт өткен сайын күрделілікті арттыруға болады:

            •          Кему ретімен іздету;

            •          Қызыл-қара түсті сандармен жұмыс істеу

•          Әріптер мен сөздермен алмастыру.

ЕББҚ оқушылары үшін пайдасы:

            •          Көру назарын шоғырландыруды дамытады;

            •          Көру өрісін кеңейтеді;

            •          Зейінді тұрақтандырады және ауысу қабілетін жетілдіреді;

            •          Жылдам оқуға және ақпаратты тез өңдеуге ықпал етеді;

            •          Когнитивті процестерді (ойлау, есте сақтау, қабылдау) жақсартады.

2025 жылдың 22 мамыр күні мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен Арт терапия» жұмысы жүргізілді. Мектеп қабарғасынан естелік ретінде ақ жидеге жүрек жарды тілектер мен алақандарын түрлі-түсті бояуларға бояп, болашаққа өз қолтаңбаларын қалдырды. Бұл – жай ғана бояу емес, бұл – әр оқушының арманына жасалған алғашқы қадамы.  Әрбір алақан ізі – үміттің, сенімнің және болашақтың символы. Оқушылар бір-біріне жүрекжарды тілектерін арнап, алдағы ҰБТ-да сәттілік тіледі.Қатысқан оқушы саны: 47.

Көңілді күн – керемет әсер! 7в сынып оқушылары үшін таза ауада ерекше күн ұйымдастырылды! Тимбилдинг ойындары арқылы оқушылар бір-бірімен жақын танысып, сенімділік, қолдау, достық пен ынтымақты тереңірек сезінді. Командалық тапсырмалар оқушылардың бірлесе жұмыс істеу, көшбасшылық және жауапкершілік дағдыларын дамытты. Ойыннан кейін табиғат аясында ұйымдастырылған пикник оқушылар үшін нағыз демалыс пен қуаныш сыйлады. Дәмді тағам, көңілді әңгіме, таза ауа – бәрі де ерекше әсер қалдырды. Күлімдеген жүздер, белсенді балалар – бұл күн ұзақ есте қалары сөзсіз!⠀Осындай шаралар арқылы оқушылар тек демалып қоймай, өзара қарым-қатынасын нығайтып, мектеп ұжымының біртұтас бөлшегі екенін сезінеді. Аталмыш шараға 15 бала, 1 ата-ана қатысты.

2025 жылдың 3 сәуір күні психологиялық қызмет жұмысынң жоспарына сәйкес 8г сыныбында “Мазасыздықты жеңе біл” тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – эмоционалдық күйзелісті жеңілдету арқылы психологиялық денсаулықты нығайту. Қатысқан оқушылар саны: 21.

2025 жылдың 17 сәуір күні сынып арасында достық қарым – қатынасты нығайту, сенімділікті арттыру мақсатында 3б сынып оқушыларымен «Мен және менің ортам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі психологиялық жаттығулар арқылы өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тапсырмалар орындады. Оқушылар тренингке ерекше қызығушылықпен қатысып өз ойларын ашық білдірді. Қатысқан оқушы саны: 18.

2025 жылдың 21 сәуір күні сынып арасында достық қарым – қатынасты нығайту, сенімділікті арттыру мақсатында 3в сынып оқушыларымен «Мен және менің ортам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар белсенді қатысып, түрлі психологиялық жаттығулар арқылы өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тапсырмалар орындады. Оқушылар тренингке ерекше қызығушылықпен қатысып өз ойларын ашық білдірді. Қатысқан оқушы саны: 20.

2025 жылдың 22 сәуір күні ЕББҚ оқушылардың кеңістікті бағдарлау тапсырмалар арқылы сөйлеу тілін дамыту, есту және көру зейінін дамыту мақсатында арнайы белгілен сабақ кестесі бойынша жұмыстар жүргізілді.

2025 жылдың 25 сәуір күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес 6 «Б» сынып оқушыларымен «Қабілет және дарындылық» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.
Тренингтің мақсаты – оқушылардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын анықтап, өзін-өзі тануына, сенімділігін арттыруға және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ету.
Тренингке 22 оқушы қатысты.

2025 жылдың 29 сәуір күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес 11 б сыныбында ”Мазасыздықты жеңе біл” тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – эмоционалдық күйзелісті жеңілдету арқылы психологиялық денсаулықты нығайту. Қатысқан оқушылар саны: 22.

2025 жылдың 29 сәуір күні 6а сыныбында «Өмірдегі мақсатым қандай?» тақырыбында ашық әңгіме жүргізілді. Шарада оқушылар өз армандары, қабілеттері және болашақта жетуді қалайтын мақсаттары туралы ашық пікір алмасаты, бір-біріне сұрақ қойып, ой бөлісті.
Қатысқан бала саны: 27

2025 жылдың 02 мамыр күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес МАД “А” тобының тәрбиеленушілерінен “Суретті аяқта” әдістемесі алынды. Балалар өз қиялдарына ерік беріп, түрлі – түсті карандаштарымен әдемі суреттер бейнеледі. Балалар салған суреттері туралы ойларын ортаға салды. Қатысқандар саны: 16.

2025 жылдың 28.04-02.05 күндері аралығында ЕББҚ оқушыларға суреттер бойынша сөйлем құрау, ойлау операцияларын салыстыру және дамыту, артикуляциялық, кинезиологиялық жаттығулыр жүргізілді. Жұмыс барысында оқушылардың зейіні, ойлау және есте сақтау қабілеттері дамыды.

2025 жылдың 20 мамыр күні психологиялық қызмет жұмысының жоспарына сәйкес 7 б, 8 б сыныбында “Болады және болмайды” атты психологиялық тренинг өтті. “Болады және болмайды” – оқушылардың ойлау дағдысын, өзіндік көзқарасын және сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған психологиялық тренинг. Қатысушылар түрлі жағдайлар мен әрекеттерді “болады” немесе “болмайды” деп бағалап, өз пікірлерін білдіреді. Бұл жаттығу ашық пікір алмасуға, сенімділік пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Қатысқан бала: 37.

2025 жылдың 20 мамыр күні мектебіміздің 11 “А” сынып оқушыларымен ”Арт терапия” жұмысы жүргізілді. Мектеп қабарғасынан естелік ретінде ақ жидеге жүрек жарды тілектер мен алақандарын түрлі-түсті бояуларға бояп, болашаққа өз қолтаңбаларын қалдырды.
Бұл – жай ғана бояу емес, бұл – әр оқушының арманына жасалған алғашқы қадамы. Әрбір алақан ізі – үміттің, сенімнің және болашақтың символы. Оқушылар бір-біріне жүрекжарды тілектерін арнап, алдағы ҰБТ-да сәттілік тіледі. Қатысқан оқушы саны: 26.

2025 жылдың 12 мамыр күні «Анаға мың алғыс» челленджіне қатысушы — 10”б” сынып оқушысы Сәрсенбі Галиаскар. Мақсаты: Оқушылардың ата-анасына деген құрметін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ананың орны мен рөлін ұлықтау арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру. Жауапты:Ата-аналар қолдау орталығының жетекшісі-Избасарова М.Ж

2025 жылдың 29 сәуір күні 6а сыныбында «Өмірдегі мақсатым қандай?» тақырыбында ашық әңгіме жүргізілді. Шарада оқушылар өз армандары, қабілеттері және болашақта жетуді қалайтын мақсаттары туралы ашық пікір алмасаты, бір-біріне сұрақ қойып, ой бөлісті.
Қатысқан бала саны: 27

III. Профилактика және психологиялық  ағарту  жұмыстар

2024 жылдың 27 қыркүйек күні №5 мектеп-лицейінің психологиялық қызмет жоспарына сәйкес 7-8 сынып ата-аналарына арналған «Әлеуметтік желінің өскелең ұрпаққа ықпалы» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияның мақсаты:

Ақпараттандыру: Әлеуметтік желілердің жасөспірімнің психикалық денсаулығына, әлеуметтік қарым-қатынасына, білім алуына әсері туралы ата-аналар мен мұғалімдерді ақпараттандыру.

Талдау жасау: Әлеуметтік желілердің позитивті және негативті жақтарын зерттеу, жасөспірімдердің ғаламтордағы мінез-құлқын талдау.

Тәуекелдерді анықтау: Әлеуметтік желілер арқылы туындайтын қауіптер мен проблемаларды анықтап, оларды жеңудің жолдарын қарастыру.

 Ата-аналарға қолдау көрсету: Ата-аналарға балаларын қорғау, ғаламтордағы  қауіптермен күресудің тиімді стратегияларын ұсыну.

Достық және ынтымақтастық: Әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдердің достық қарым-қатынасын нығайту.

Болашаққа бағдар: Жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен және саналы түрде пайдалануға бағыттау.

Конференцияға қатысқан қонақтар:

1.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін үйлестіру  бөлімінің басшысы –  Е. Қ.Айжарықов,

2.Шалқар аудандық емхана психиатрі – А. С.Маманова

Шара барысында №5 мектеп-лицейінің директоры – Ә.П. Әбдіғапарова өскелең ұрпақтың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлесе жұмыстануға шақырды.

№5 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. К. Нурмашева әлеуметтік желінің алаңдататынтұстарын алға тартып, бірқатар ұсыныс берді.

Мектеп психологі «Буллинг және кибербуллинг» туралы ақпараттар беріп, видеороликтер көрсетті. Келген қонақтармен «Ашық микрафон» форматында талқыланды. Сонымен қатар ата-аналарға жадынама таратылды.

Аталған шараға 70 ата-ана, мектеп әкімшілігі – 3, 7 сынып жетекші қатысты. 

2024 жылдың 20 желтоқсан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10-11 сынып ата-аналарына “Өмір бойы оқу: Не үшін? Қалай?” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің өзін – өзі тәрбиелеу және өзін -өзі үдерістерін қолдауға дайындығын қалыптастыру. Тренинг барысында психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін “Саған гүл сыйлаймын” деп аталатын амандасу рәсімін өткізіп, топтық жұмыс жасап қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар “Жеке тұлғаның жетістігі неге байланысты” тақырып бойынша қылқаламның көмегімен әйнекке сурет салды. Салған суреттерге түсінік берді. Сергіту жаттығуы жалғасын тауып, “Ашық микрафон” айдарымен аяқталды. Ата-аналар өзінің ойын, ақылын, ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Қатысқан ата-ана саны: 10.

2024 жылдың 20 желтоқсан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарына “Назар аударуды дамыту” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: бала тұлғасының тәрбиесінде ата-аналарға қолдау көрсетіп, пелагогикалық, психологиялық кеңестер беру. Ата-аналардың өзіндік ашылуына жағдай жасау, оқушылардың зейінінің даму проблемасының маңыздылығын түсіндіру.
Тренинг барысында психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін “Өзіме және көрші” деп аталатын амандасу рәсімі жасалды және бастауыш сынып білім алушыларының дамуында қабылдауы мен зейінінің шоғырлануы мен тұрақтылығының маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар тақырып төңірегінде топтық жұмыстар жүргізіліп, ата-аналардың пікірі тыңдалды. “Арт терапия” – өнерімен емдеу тәсілдері арқылы қылқаламның көмегімен суреттер салды. Сергіту жаттығуы жалғасын тауып, “Ашық микрафон” айдарымен аяқталды. Ата-аналар өзінің ойын, ақылын, ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
Қатысқан ата-ана саны: 20.

            2024 жылдың 20 желтоқсан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығының жоспарына сәйкес 5-9 сынып ата-аналарына “Жадыны дамыту” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің есте сақтау қабілетін белсенді қолдауға және ынталандыруға дайындығын арттыру; үйде қолдануға болатын есте сақтауды дамытудың практикалық әдістерін үйрету.  Практикалық бөлімінде «Жасөспірім кезінде есте сақтау қабілеті жақсарады ма, нашарлайды ма?» тақырыбына пікірталас жүргізілді. Рефлексия бөлімінде берілген үш суретке: 1) апельсин себеті; 2) бір стақан апельсин шырыны; 3) апельсиннің сығылған қалдықтары, ата-аналар стикер пайдаланып бүгінгі шарадан алған әсерімен бөлісті.
Қатысушылар саны: 12.

2025 жылдың 18 ақпан күні “Буллинг. Қауіпсіз орта” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министірлігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №386 санды бұйрығы «Зорлық-зомбылыққа, жәбірленуге (буллингке), кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі» негізінде жұмыстар жүргізілді. Кеңес екі бөлім бойынша жұмыс жасады: теориялық және практикалық. Практикалық бөлімінде мектеп психологтары ұжыммен топтық жұмыс ұйымдастырды. Жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директоры өз іс тәжірибесімен бөлісіп “Біз біргеміз” тақырыбында тренинг жүргізді.

“Біз буллинге қарсымыз!” мұғалімдерінің ұйымдастыруымен челлендж ұйымдастырылды.

2025 жылдың 31 қаңтар күні мектебімізде әлеуметтік педагог және психологпен бірлесіп ,“Бала психологиясының дамуындағы ата-ана рөлі” тақырыбында ата-аналардың бала психологиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың баланың дұрыс дамуында алатын маңызды рөлін көрсету мақсатында іс-шара өтті. Шара барысында ата-аналарға балалардың эмоционалдық, танымдық және әлеуметтік дамуының негізгі кезеңдері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ата-аналардың баланың мінез-құлқына, эмоционалды жағдайына және тұлғалық ерекшеліктеріне әсер ететін тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылып, психологиялық тренинг, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Қатысқан ата-ана саны: 17. 

2025 жылдың 31 қаңтар күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспарын жүзеге асыруда “Шығармашылықты және логикалық ойлауды дамыту” тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді. Шара барысында адам бойындағы жаңа идеялар тудыру, ойлау және логикалық қабілетін кеңейту, ерекше шешімдер табу және қиялды жетілдіру мақсатында ата-аналарға түрлі тапсырмалар берілді. Аталмыш шарада тұлғаның интеллектуалдық, эмоционалдық және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Қатысқан ата-аналар саны: 38.

Ата-аналардың білім беру мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін жасөспірімнің интеллектуалдық дамуын белсенді қолдауына ықпал ету мақсатында 2025 жылдың 31 қаңтар күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспарын жүзеге асыруда “Балаңыздың ақылын, ойын оятыңыз!» тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді. Қатысқан ата-аналар саны: 28.

2025 жылдың 1 сәуір күні педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте «Оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмысының ұйымдастырылуы» тақырыбында есеп берілді. Қатысқан мұғалім саны:93

20-30 мамыр аралығында өтіп жатқан “Балалар үні” онкүндігі аясында №5 мектеп-лицейінің ата-аналары мен оқушыларына “Балалардың құқығын қорғау” тақырыбында ақпараттық жадынама таратылды.

ІҮ. Психологиялық кеңес жүргізу.

2024 жылдың 2 қыркүйек күні психологиялық қызмет жұмысының ұйымдастырумен оқушылардың жеке басын терең зерттеу, әр оқушының оқи алатын мүмкіндіктерін анықтау және олармен жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісінің, жұмыстарының олқылықтары мен жіберілген кемшіліктерді жою, дұрыс бағытта жұмыс жолдарын белгілеу мақсатында мектепішілік ПМПК (психологиялық-медициналық педагогикалық консилиум) отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

  1. 2023-2024 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыс есебі.
  2. 2024-2025 оқу жылы бойынша психологиялық педагогикалық кеңес құрамын бекіту.
  3. 2024-2025 жаңа оқу жылының ПМПК қорытындысы негізінде бейімделген оқу бағдарламасы, жеке оқу бағдардарламасын тексеріп бекіту.

2024 жылдың 3 қыркүйек күні 1 сынып оқушыларының ішінде анықталған ерекше мінез-құлықты 1 В сынып оқушысы Мұратбек Мадиярдың мұғалімнің ескертуін, талаптарын орындай алмайтындығы, жеке жұмыс жасауды қажет ететін оқушы екендігі туралы МАД тәрбиешісі К.Қ.Реймнің және мектеп психологы Г.К.Кәрібайдың берген мінездемесімен танысу.

№5 мектеп-лицейі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі 1 «В» сынып оқушысы Мұратбек Мадиярдың ата-анасының келісімімен оқушыға педагог-ассистент қызметін ұсыну туралы отырыс өтті.

2025 жылдың 8 қаңтар күні 1 д сынып оқушысы Дахим Камильдің ерекше білімді қажет ететіндігі анықталып, сынып жетекшінің ұсынысы бойынша кезектес тыс отырыс өтті. 1 д сынып жетекшісі А.Х.Қуанышбай және мектеп психологы Г.К.Кәрібай оқушыға мінездеме ұсынды.