«Прощай, начальная школа!» тақырыбында 4 «В» сыныбында бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі өтті. Бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа қадам басқан оқушылар 4 жыл бойы алған білімдерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті. 4-сыныптағы пән мұғалімдері, ата-аналар шәкірттерге бастауыш сыныпта алған білімдерін дамытып, биік белестерді бағындыруына сәттілік тілеп, жүрек жарды тілектерін білдірді. Мектеппен тығыз байланыс жасайтын ата-аналарға мектеп директорының алғыс хаттары табысталды.
4»В» сынып жетекшісі: И.Н. Кожамуратова
