⚜️ Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Ағымдағы жылдың 20 наурызы күні 11-сынып оқушыларының ата-аналары және мектебіміздің 118-түлектерінің ұйымдастыруымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған «Наурыз Ата -2025» Кистаубаев Бернард Болатович пен «Наурыз Әже – 2025» атағы Алмағанбетова Мария Жолтайқызына арнайы лента және сыйлығымен табысталды.
🔰Шара барысында шашу шашылып, ұлттық құндылықтар дәріптеліп, домбырадан күй төгіліп, ән шырқалды. Сонымен қатар, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы мектеп ұжымына арналған лотерея ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар ойнатты. Мерекелік шара барша жұртқа қуаныш пен шаттық сыйлады.
Ұйымдастырушылар:
11а Н. А. Мекенова, 11б Г. Е. Аетова,
118 жыл түлектері, ата-аналар және
№5 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымы.
#наурызнама
#ақтөбенаурызнама
