🚫 МЕКТЕПКЕ СМАРТФОН ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
🌼 Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
📚 Оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және оқушылардың сабаққа толық назар аударуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп аумағында ұялы телефонды пайдалану Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде реттеледі.
⚖️ Заң талаптарына сәйкес:
◼️ 43-бап: мектеп ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын пайдалану қағидаларын өз құзыреті аясында бекіте алады;
◼️ 47-бап: оқу процесі кезінде смартфон қолдануға тыйым салынады (оқу мақсатындағы жағдайларды қоспағанда);
◼️ 49-бап: ата-аналар балаларының смартфон пайдалануын бақылауға және интернет қауіпсіздігін қадағалауға міндетті.
🏫 Мектеп – білім мен тәрбие ортасы!
📍 Әрбір оқушы мектепке тек оқу құралдарын алып келуі тиіс.
🤝 Құрметті ата-аналар!
Заң талаптарын сақтап, мектеп тәртібін орындауға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Балаларымыздың білім алуына қолайлы орта қалыптастыру — бәріміздің ортақ міндетіміз! ✨📘
