Skip to content

Мектепішілік көктемгі жоспарға байланысты “Тарих пәндерін тарихи концептілер арқылы оқытудың…

Мектепішілік көктемгі жоспарға байланысты “Тарих пәндерін тарихи концептілер арқылы оқытудың тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді.Семинардың негізгі мақсаты – тарих пәндерін оқытудың заманауи әдістерін қарастыру, тарихи концептілерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.Семинар барысында қатысушылар тарихты оқытуда концептілердің рөлін талқылады, сондай-ақ, оқушылардың тарихи ойлауын жетілдіруге бағытталған түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен алмасып, тиімді әдістемелерді тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырды.Семинар соңында қатысушылар тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осындай іс-шаралардың білім сапасын арттырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Ұйымдастырушылар: Тарих пәні бірлестігі мұғалімдері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *