Skip to content

Мектеп парламенті

2023-2024 оқу жылдың қорытындысы бойынша «Мектеп Парламент»  өзін-өзі басқару ұйымының атқарылған жұмыстардың ЕСЕБІ

  Мақсаты:

  • Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзіреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын,қоғам мен мемлекеттік жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманисттік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты ұжымдық өмір талаптарын, мемлекет заңына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне,достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
  • Әр білім алушы білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
  • Өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.

Парламент құрлымы жеті бағыттан тұрады:

  • Құқық және тәртіп
  • Ақпарат
  • Спорт және салауатты өмір салты
  • Қамқорлық
  • Мәдениет және өнер
  • Дебат
  • Экология және еңбек

2023 жылдың 4 қыркүйек күні «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымның отырысы өтті. Отырыс барысында ұйымның негізгі құрамын тағайындау туралы ұсыныстар тыңдалды.  2022-2023 оқу жылында Мектеп Президенті Жұмасейтова Диана республикалық «Балдәурен» лагерінде ұйымдастырушылық шеберлігімен танылып, «Елжанды патриот» төсбелгісіне ие болды.  Ұйым белсенділері Жұмасейтова Дианаға толық сенім білдіре отырып, биылғы оқу жылында да қайта тағайындап, өз қызметін жалғастыру ұсынылды.

            Басқару ұйым мүшелері, мектеп өмірінде белсенділік танытып жүрген оқушылар: Сақтағанова Жангүл, Сапарбаева Ақмаржан, Кулмағамбетова Арайлым, Мақатаева Гүлмаржан, Тоғызбаева Нұршат, Сарина Мерей, Тілеужан Дарын, Бауыржан Медина, Шынұзақ Саламат, Жамбыл Аят сынды оқушылар ұйым қызметіне алынды. Комиссия мүшесі, тәрбие жөніндегі орынбасары Л.Т.Қоңырбаева: «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйым мүшелігіне үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмысқа белсене араласатын 10б -сынып оқушылары Ниеталин Әзиз, Алдаш Нұрсәт, Қазанғап Айдана, Шалқарбай Әлішер, Сұлтанов Сұңқар, Төлегенова Әдемі, Әмитов Айдос, Нұрлан Зарина, Амангелді Мұхаммед, Ырза Диана, Торғаев Дарын, Ұзақбай Әділді де ұйымның негізгі қызметіне алынып, жыл қорытындысы бойынша есебі тыңдалатынын хабардар етті. Қатысқан оқушы саны – 30.

2023 жылдың 10 қыркүйек күні «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс  жоспарымен таныстыру мақсатында мектеп директоры ӘП.Әбдіғапарова жанында жиналыс өтті. Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген  құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ұйымның жұмыс жоспары бекітілді. Мектеп Парламентінің мақсат, міндеттерімен, тәртіптерімен Ж.К.Нурмашева таныстырып «Мектеп Парламент» ұйымының құрылымы мен кеңес мүшелерін бекітілген жоспар бойынша белсенді жұмыс атқаруға шақырды. Өз ісіне жауапкершілік танытып, мектеп оқушыларына үлгі бола білетін оқушыларымыз алдағы уақытта марапатқа ұсынылып, өзгелерге үлгі ету жұмыстары жалғасатынын ескертті. Мектепте өткізілетін мерекелік бағдарлама, атаулы күндер шеңбері аясындағы шараларға белсенділікпен қатысқан оқушыларға өз жұмыстарына қарай бағаланатынын атап өтті.  Қатысқан оқушы саны: 15, мұғалім саны: 2.

«Жас Ұлан» ұйымы.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Міндеттері:

  •  Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың  бойында рухани-адамгершілік әлеуметті   қалыптастыру;
  • Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен  саналылығын арттыру;
  • Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
  • Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Жұмыстың мазмұны:

  • Мектептің тәрбие жұмысына  оқушылардың қызығушылықтарына қарай өзгерістер енгізу;
  • Мектептің негізгі мәселелерін мектеп әкімшілігімен білесе шешім қабылдау;
  • Байқаулар, викториналық ойындар, көрмелер, спорттық жарыстар,ұжымдық шығармашыл істер ұйымдастыру;
  • Мектептің басқару жұмысына қатысу.

2023-2024 оқу жылына «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс  жоспары өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген жауапкершілікті қалыптастыруды көздейтін іс-шаралар негізінде құрылып, бекітілді. Қыркүйек айында «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері Ниеталин Азиз, Алдаш Нұрсәт, Қулмағамбетова Арайлым, Мақатаева Гүлмаржан, Тоғызбаева Нұршат, Сарина Мерей, Тілеужан Дарын, Бауыржан Медина, Шынұзақ Саламат тағайындалды.

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі бағыттары:

  • Отан
  • Зерде
  • Руханият
  • Салауат
  • Еңбек
  • Эко әлем
  • Жеті жарғы

2023 жылдың 9 қыркүйек күні «Жас Ұлан» ұйымының «Зерде» бағытының ұйымдастыруымен 5 – сыныптар арасында «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!» ұранымен «Кішкентай тапқыштар» атты квест-ойыны ұйымдастырылды. Қатысқан оқушы саны: 46, мұғалім саны: 2.

2023 жылдың 1 қазан күні «Жас Ұлан»  ұйымының «Руханият» бағытының ұйымдастыруымен бір әулетке тұтқа, отбасындағы қазыналы аталарымыз бен ақжаулықты аналарымызға мерекеге орай құттықтап, шағын бағдарлама ұсынды. Қатысқан оқушы саны: 10.

2023 жылдың 21 қазан күні 10- сынып оқушылары арасында «Әлеуметтік желіні қандай мақсатта қолданып жүрміз?» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымының «Жеті жарғы» бағытының ұйымдастыруымен дебат ойыны өтті.

Ойын барысында «Оппозиция» мен «Үкімет» мүшелері өз «кейстерін» алдын ала дайындап, өз пікірлерін қорғады. Дебат ойынының соңында әділ-қазылар топтардың жұмысын бағалап, қатысушылар арасынан үздік спикер 10б-сынып оқушысы Ибрагим Нұршатты атады. Ойын барысында әділ бағалап, кеңес берген мектеп мұғалімдері А.С.Ермағамбетова мен А.Б.Көпжасарова. Қатысқан оқушы саны: 10, қатысқан мұғалім саны: 2.

    2023 жылдың 11 қараша күні «Жас Ұлан» ұйымының «Еңбек» бағытының ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалды ойын өтті. Интелектуалды ойын – оқушылардың танымдық қабілетін арттырып,білімдерін пысықтауға бағытталады. Ойын барысы 3 кезеңнен өткізілді. .Қатысқан оқушы саны: 23.

     2023 жылдың 2 желтоқсан күні 7 сыныптармен  «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл»  халықаралық науқан аясында «Отбасылық  шешімдер қабылданғанда балалар өз пікірін білдіруі керек пе?» тақырыбында «Жас Ұлан»ұйымының «Жеті жарғы» бағыты бойынша дебат ойыны ұйымдастырылды. Шараға «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының Вице-Президенті Сақтағанова Жангүл және дебат ойындарының үздігі Ибрагим Нұршат әділ-қазылық етті. Дебат ойынының соңында әділ-қазылар топтардың жұмысын бағалап, қатысушылар арасынан «Үздік спикер»  номинациясымен 7Г сынып оқушысы Нұрланова Аруды  № 5 мектеп-лицей директорының  Алғыс хатымен марапаттады.Қатысқан оқушы саны: 12


      «Жас Ұлан» ұйымының «Салауат» бағытының жұмыс жоспарына сай, 2024 жылдың наурыз айының 4-8 күндері Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министірлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастыруымен Жасөспірімдер, юниорлар және жастар арасындағы қоссайыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында 55кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.  № 5 мектеп-лицей директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызы өзінің құттықтауында мектеп абыройын асқақтатқан оқушымызға үлкен алғысын білдіріп, жеңімпаз жолын өзгелерге үлгі екенін өтап өтті. Адайдың анасы Гүлназ Жеткергенқызы ұстаздар мен жетекші ағайларына үлкен алғысын білдіріп, көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.Тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.К.Нурмашева Адайдың ендігі баратын жарыс жолдарына сәттілік тілеп, әрдайым өзінің  сабырлы да, салмақты қалпыңнан таймай,биік белестерді бағындыруына ізгі тілегін білдірді.Қатысқан оқушы саны: 98.

      №5 мектеп – лицейінде «Халықаралық ғарышкерлер күні» мерекесіне орай 2024 жылдың 11 сәуір күні 2-4 сынып оқушылары арасында «Мен ғарышкер боламын» атты «Жас Ұлан» ұйымының «Отан» бағытының ұйымдастыруымен мектепішілік сурет байқауы өтті. Қатысқан оқушы саны: 29.

    «Жас Ұлан» ұйымының «Экоәлем» бағытының жоспарына сай 2024 жылдың 29 сәуір күні №5 мектеп-лицейінде 1-4 сынып оқушылары және әкелерінің қатысуымен «Құстарға ұя сыйла!» акциясы өтті. Көктем басталысымен жылы аймақтарға ұшып кеткен құстар туған мекендеріне оралды.Мектеп оқушылары қауырсынды достарына ұя сыйлауға мектеп алаңына жиналды.Акцияға бастауыш сынып оқушылары және әкелері қатысты. Акция аясында құс ұясын жасауға әкелері шеберлік сағаттары көрсетілді.Балалар құстарға арнап үй жасауды қызыға үйренді. Мұндай іс шаралардың балаларға экологиялық мәдениетті сіңіруде берері көп.Қатысқан оқушы саны: 15, Қатысқан әкелер саны:11.

«Альянс» өзін-өзі басқару ұйымы.

 Мақсаты:

  • Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзіреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын,қоғам мен мемлекеттік жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманисттік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Әр білім алушы білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
  • Өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.

«Альянс» өзін-өзі басқару ұйымы жеті бағыттан тұрады:

  • Құқық және тәртіп
  • Ақпарат
  • Спорт және салауатты өмір салты
  • Қамқорлық
  • Мәдениет және өнер
  • Дебат
  • Экология және еңбек

 «Альянс» ұйымы 2023-2024 оқу жылына жұмыс  жоспарын бекітті. Қыркүйек айында «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері Қазаңғап Айдана, Жамбыл Аят,Сұлтанов Сұңқар, Төлегенова Әдемі, Әмитов Айдос,Нұрланова Зарина, Жоламан Айым, Амангелді Мұхаммед тағайындалып, бекітілді. Олардың оқу жылына жүргізетін жұмыстары туралы түсініктер берілді.

2023 жылдың 23 қыркүйек күні «Альянс» ұйымының «Ақпарта» бағытының ұйымдастыруымен “Тіл табыса білейік” тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен интеллектуалды ойын өткізілді.

Ойын барысында оқушылар төрт топқа бөлінді. Ойын бес айналымнан құрылып, ойын тапсырмалары меңгерген тақырыптар төңірегінде болды. Нәтижесінде оқушылар тең дәрежеде түскендіктен төрт топта  алғыс хатпен марапатталды. Қатысқан оқушы саны:15.

2023 жылдың 5 қазан күні № 5 мектеп –лицейінің «Альянс»өзін-өзі басқару ұйымының «Қамқорлық» бағытының ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесі қарсаңында жас құрпақты тәбиелеуде ерен еңбек сіңірген, қазіргі таңда аяулы әже, асқар тау ата болған ардагер ұстаздарымызды мерекесімен құттықтады. Ұлағатты ұстаздар еңбегіне құрмет көрсетіп, өнерлерін көрсетті. Қатысқан оқушы саны: 12.

       Әлемге деген эстетикалық қарым-қатынастарын, экологиялық мәдениетін және тұлғаның рухани құндылықтарын дамыту мақсатында 2023 жылдың 14 қазан күні берекелі күздің бейнесінде дәстүрге айналған 9-10 сыныптар  арасында«Альянс»өзін-өзі басқару ұйымының «Мәдениет және өнер» бағытының ұйымдастыруымен “Күзгі бал- 2023” сайысы өтті. Қатысқан оқушы саны: 56, мұғалім саны:10, ата-ана саны: 2.

      «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанның аясында 2023 жылдың 18 қараша күні «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының «Дебат» бағытының ұйымдастыруымен арасында «Отбасындағы қатыгездікке жол жоқ!» тақырыбында пікірталас өтті.Пікірталас барысында екі мәселе талқыланды: Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату мүмкіндігі бар ма немесе  оны болдырмау мүмкіндігі жоқ па?Ойын барысында 10 сынып оқушысы Ибрагим Нұршат салмақты дәлелдер келтіре отырып,қарсыластарын басып озды.Қатысқан оқушы саны:10.

     2024 жылдың 19 қаңтар күні «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының «Құқық және тәртіп» бағытының ұйымдастыруымен «ДосболLIKE» акциясы аясында «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Шара барысында оқушыларға қоғам назарын аударып тұрған  зорлық-зомбылықтың зардабы туралы ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ оқушылар өздерінің  аталған жағдайға байланысты өзіндік көзқарастарын білдіріп, жасөспірімдік шақта кездесетін келеңсіз жәйттардың себебі мен салдарын талқылады. Қатысқан: Тәрбие ісі жөнінің орынбасары Л.Т.Қоңырбаева, 10 а сынып оқушылары. Саны -18.

      2024 жылдың 3 ақпан күні «ДосболLIKE» акциясы аясында «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының «Экология және еңбек» бағытының ұйымдастыруымен тақырыбында 4 сынып оқушыларымен квест ойыны өтті.Сонымен қатар акция аясында «Мектеп Парламент» өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен түрлі интервью, мақал-мәтелді жалғастыр секілді, көңілді үзілістер ұйымдастырылып отырды. Қатысқан оқушы саны:10.

        Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақын.Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты. «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының  «Ақпарат» бағытының жұмыс жоспарына сәйкес, Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасынан 2024 жылдың 7 ақпан күні сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың басты мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өміріне шолу жасау.Сауалнама барысында барлық оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін көрсете білді. Қатысқан оқушылар саны 24.

      2024 жылдың 11 наурыз күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының «Мәдениет және өнер» бағытының ұйымдастыруымен «Қыздарға әсемдік жарасады» атты бұрымды арулар байқауы өтті. Қатысқан оқушы саны: 56. Ата-ана саны:5,мұғалім:4

      2024 жылдың 4 сәуір күні №5 мектеп- лицейінде «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне» орай «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының «Құқық және тәртіп» ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездеу барысында 8-10 сынып оқушыларына бейнебаян көрсетіліп, талқыланып, аталған тақырып төңірегіндегі білімдерін ортаға салды. Нашақорлық ресіми түрде есірткілердің қатарына жатқызылатын заттардан туындайтын дерт төңірегінде кең ауқымды түсіндірілді. Қатысқан оқушы саны: 100.    

       2024 жылдың 19 сәуір күні № 5 мектеп-лицейінде «Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының «Ақпарат» бағытының ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары арасында «Көңілді тапқырлар» атты интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа үш команда қатысты. Төрт кезеңнен құрылған сайыс нәтижесінде І орынмен «Жаңа толқын», ІІ орынмен «Интеллект», ІІІ орынмен «Сәлем фронт-офис» командалары иеленіп, марапатталды.Қатысқан оқушы саны: 12

 2024 жылдың 23 сәуір күні«Альянс» өзін-өзі басқару ұйымының «Ақпарат» бағытының ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында оқушылардың білімдерін жинақтап, қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру мақсатында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сайысы өтті.Сайысқа үш команда қатысып,І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды.Қатысқан оқушы саны:15

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп ұйымы.

Мақсаты:

  • Мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін,рухани-адамгершілік және азаматтық- патриоттық тәрбие құрамында қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
  • Білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты, әдептілік құндылықтарын қалыптастыру;
  • Әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың  мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне  көз жеткізуге, жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне бағытталады.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп ұйымы 2023-2024 оқу жылына жұмыс  жоспарын бекітті. Қыркүйек айында «Адал ұрпақ» ұйымының белсенділері Шалқарбай Әлішер,Ырза Диана,Торғаев Дарын,Ұзақбай Әділ тағайындалып, бекітілді. Шалқарбай Әлішер,Ырза Диана,Торғаев Дарын,Ұзақбай Әділ.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп ұйымының бағыты:

  • Антикор
  • Әлеумет
  • Зерде

      2023 жылдың 16 қыркүйек 4 қараша аралығында «Қала- біздің ортақ үйіміз» акция аясында «Адал ұрпақ» ұйымының «Әлеумет» бағытының ұйымдастыруымен мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Қамтылған оқушы саны: 30

      2023 жылдың 16 қыркүйек күні «Адал ұрпақ» ұйымының «Антикор» бағытының  ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстан: сапалы білім,адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық тудыратын  жағдайлар туралы оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.Жемқорлықтың жолы алысқа апармайтыны жайында терең мағлұмат ұсынылды.Шараға қатысқандар: 1.Шалқар аудандық прокуратурасының прокуроры- Н.Е.Ермекбаев. 2.Тәрбие ісі жөнінің орынбасары –  Л.Т.Қоңырбаева. Қатысқан оқушы саны: 20;мұғалім саны:1, шақырылған қонақ саны 1  

     Үстел теннисі – бұл спорттық ойын. Бұл ойын өте қызықты, жан-жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. 2023 жылдың 22 қыркүйек күні № 5 мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» ұйымының «Әлеумет» бағытының ұйымдастыруымен күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстану, спортқа деген қызығушылығын  арттыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында үстел тенисінен жарыс өтті. Нәтижесінде 8-7 сыныптар арасында: І орын- Саматұлы Бейбарыс,

ІІ орын- Ибрагим Ілияс, ІІІ орын- Мекебаев Махамбет.Алғыс хатпен Социал Бейбарыс.

9-11 сынып арасында: І орын- Өмірбеков Богдан, ІІ орын- Қайролла Ақдәулет, ІІІ орын- Туйтенов Яслан марапатталды. Қатысқан оқушы саны: 23.

Биыл ұлт мақтанышы, Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 130 жыл.Осыға орай  «Тұран тұрпатты Мағжан!» атты мектепішілік ақындар мүшәйрасы «Адал ұрпақ» ұйымының «Зерде» бағытының ұйымдастыруымен жарияланды.Жыр мұшәйрасында ақындардың түркі әлемінде,Алаш қайраткеріне арналған өлеңдерді сарапқа салып 11 қараша күні марапатталды.Барлығы 10 оқушы қатысып, 11 сынып оқушысы Теміржан Бас жүлдеге ие болып, ақшалай сыйлық табысталды.8 сынып оқушысы Байжұлдызов Шәкір мен Саматұлы Бейбарыс Алғыс хатпен марапатталды.Қатысқан оқушы саны:10.


      2023 жылдың 25 қараша күні 7-8 сыныптар арасында Ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық ойындар» сайысы «Адал ұрпақ» ұйымының «Зерде» бағытының ұйымдастыруымен  өтті.Ұлттық ойындар – бабаларымыздан қалған асыл қазынасы.Сондықтан  халықтық мұраны үйретудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек.Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерн ашып,жеке қасиеттерімен біте қайнасып,әрі қарай дамуымен ұштасады. Осы орайда сайыс барысында қатысушылар өз шеберліктері мен икемділіктерін ортаға салды.Әр сынып Күміс салу,тоғызқұмалақ,асық ату,теңге салу сынды ойын түрлетін таныстырып,көрсетті.Нәтижесінде: І орынмен 8 А сыныбы, ІІ орынмен 8Б сыныбы, ІІІ орынмен 7 Б және 7 Г сыныбы марапатталды.Қатысқан оқушы саны:25

      «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай оқушылар медицина саласы қызметкерлеріне ізгі тілектерін білдірді. Қатысушы қонақтар: Мектеп жанындағы «Алаш» тобы «Балбырауын», «Көрұғлы» күйлерін тарту етсе, «Адал ұрпақ» ұйымы мүшелері медицина саласы мамандарының адамзат алдындағы жауапты істеріне алғыс білдіріп,құрмет көрсетті.Қатысқан оқушы саны 12. Қонақ саны: 4.

    2024 жылдың 13 сәуір және 13 мамыр  аралығында   мектептің көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту, оқушыларды еңбекке баулу мақсатында № 5 мектеп-лицейінің 7-10 сынып оқушылары мектеп алаңына тазалық жұмыстарын жүргізсе  ер балалары құм төсеу,тал егу, бақша егу жұмыстарын «Адал ұрпақ» ұйымының «Әлеумет» бағытының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Қатысқан оқушы саны:279

    2024 жылдың 27 сәуір күні «Адал ұрпақ» ұйымының «Зерде» бағытының ұйымдастыруымен  «Табиғатты сақта!» атты экологиялық квест ойыны өтті. Командалар бағыт парағын алып, квест ойынының стансалары бойынша аттанды.Әр стансада түрлі тасымалар берілді.Мәселен, «Хош иісті шөптер» стансасында қатысушыларды дәмді өсімдіктер туралы тосын сәттер күтіп тұрды, ал мұражайда  «Қорықтық соқпақтар» ойынында өлкетану бойынша сұрақтарға жауап берді. «Өсімдіктер әлемінде»  стансасында балалар өмімдіктердің суреттері бойынша тауып, оларды жіктеуге тура келді. Соңында ой-өрісін дамытуға бағытталған жұмбақтарды шешу болды. Ойын бірнеше кезеңнен қамтылып, Квест ойынының қорытындысы бойынша командаларға тәттілер таратылды.Қатысқан оқушы саны:11

  Республикалық «Тоғыз ай – тоғыз шара» жоба аясында оқушылардың спортқа деген қызығушылығын дамыту, спорттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіну, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 08 қыркүйек күні «Дене сергіту» челленджі ұйымдастырылды. Шараға: 290 оқушы қатысты.

    2023 жылдың 23 қазан күні № 5 мектеп-лицейінде «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен оқушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында    жанды дауыспен Мемлекеттік Гимн орындады.Қатысқан оқушы саны: 370.

2023 жылдың 23-28 қазан күндері «25 қазан – Республика күні» мерекеге орай мектепішілік апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында төмендегі шаралар өтті:

1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстаным – кең байтақ жерім» жас суретшілер байқауы өтті. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында оқушылар бейнеролик түсіріп, «Жарқын болашақ» тақырыбында интелектуалды ойынмен апталықты қорытындылады. Апталыққа белсене қатысқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды. Қатысқан оқушы саны:156.

2023 жылдың 1 желтоқсан күні «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл»  халықаралық науқан аясында «Зорлық-зомбылық қоғамның дерті ме?» тақырыбында дебат ойыны ұйымдастырылды. Шара барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы М.Қ.Бекетова, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы В.Қ.Шектібаева, аудандық орталықтандырылған кітапханасының кітапханашысы А.Ермағамбетова, Шалқар аудандық Полиция бөлімі «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының инспекторы полиция капитаны А.Т.Жұмабаева, мектептің ағылшын тілі пәні  мұғалімі М.Ж.Сағымбаева және №5 мектеп-лицей директоры Ә.П.Әбдіғапарова қатысты. Дебат ойынының соңында әділ-қазылар топтардың жұмысын бағалап, қатысушылар арасынан «Үздік спикер»  номинациясымен 10Б сынып оқушысы Ибрагим Нұршатты аудан әкімінің орынбасары С.Е.Джумановтың АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапаттады. Қатысқан оқушы саны:30. Қонақ саны:4,Мұғалім:3

      2023 жылдың 15 желтоқсан күні «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен   Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты кездесу өтті. Шараға желтоқсан оқиғасының куәгері, КАЗГУ- дің биология факультетінің түлегі, Шалқар ауданының «Жыл адамы- 2022»  атағының, «Шалқар ауданына – 90 жыл» төсбелгісінің иегері Еңсепова Күнжәмила Орынбасарқызы, «Аула клубы» КММ басшысы, Желтоқсан ардагері – Мамбетов Нағашыбай Таласбайұлы, Желтоқсан көтерілісінің 30, 35 жылдық медалінің иегері, Юсупов Қайрат Мұқанұлы қатысты. Жастарға тәуелсіздіктің қадірін түсініп, егемен елдің баянды ету әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйым мүшелері мереке құрметіне орай өздерінің өнерлерін тарту етті. Қатысқан оқушы саны: 17,Шақырылған қонақ саны:4

     2023 жылдың 29 желтоқсанымен 2024 жылдың 13 қаңтар аралығында  «Қыс ғажайып» атты қысқы демалыс уақытында ұйымдастырылған іс-шаралар жоспары аясында «Менің жаңа жылдық кейіпкерім» тақырыбында мектепішілік 1-11 сынып оқушылар арасында онлайн байқауы өтті.Жаңа жыл мерекесі көңілді шаттыққа бөлеп, жүрекке ерекше жылулық сыйлайтын мереке.Осы орайда «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымы аталмыш байқау ұйымдастырып, қорытындылады. Байқауға 43 оқушы қатысып,ерекше шығармашылықпен көзге түскен Сейіткерей Раяна, Кәрібай Мағжан, Түйтенов Олжас, Кәрібай Тоғжан, Хасен Нұрсәт, Алимбекова Асылай, Нұрлан Адина,Бакиева Шырай мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталып, тәттілер таратылды.Қатысқан оқушы саны:48

  2024 жылдың 10 қаңтар күні «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өтті. Кешке 2022-2023 жылғы түлектері қатысып,оқушылар студенттерден өздері қалаған мамандық, оқу үрдісі, болашаққа деген мақсаттары жоғарғы оқу орындары туралы сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.Алдағы уақытта мектепті аяқтағалы отырған жасөсіпірімдерге олар да өз тараптарынан жоғары білім алу үшін тынбай іздену, жан жақты болу керектігін айтып кеңестерімен бөлісті.Кездесу барысында студенттер мен оқушылар арасында ойындар ойнатылды. Шараның соңы студенттердің ақ тілектерімен аяқталды. Қатысқан оқушы саны:78, Мұғалім:3

   2024 жылдың 2 ақпан күні Біртұтас бағдарламасы құндылықтарын жүзеге асыру және мектебімізде ұйымдастырылып жатқан республикалық «ДосболLIKE» акциясы аясында жас мамандардың қатысуымен «Достықтың кілті- бірлікте» тақырыбында сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңнен құралып, «Адал дос алтыннан қымбат» – атты таныстыру сайысы, «Әуенді тап» -суреттер арқылы әнді табу, «Ізде, тап» квест ойыны, «Фобия» қорапша ішіндегі жәндіктерді табу, әр кезеңде қатысушылар белсенділік танытып, сайысты қызықты өткізе білді. Сайысты қорытындылап, марапаттау үшін директордың тәрбие ісі жөнінің орынбасары  Ж.К.Нурмашева және Л.Т.Қоңырбаеваға берілді.Қатысқан мұғалім саны: 21

2024 жылдың 14 наурыз күні «Ұлыс күні» мерекесі қарсаңында “АMANAT” партиясы Шалқар аудандық филиалының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы” бағдарламасы аясында «Толағай» отбасылар сайысы өтті. Аталмыш сайыс  еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарлама.”Ұлы Борсық” бастауыш партия мүшелері отбасынан құрылған командалар тартысты да белсенді ойын үлгісін көрсетті. Отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сайыс VI кезең бойынша бақ сынасты.Өткізген: “Мектеп Парламент” өзін-өзі басқару ұйым жетекшісі  М.С.Досмағанбетова, дене шынықтыру пәні мұғалімі- Р.Т.Қашауов.Қатысқан оқушы саны:4,Қонақтар саны: 3,Мұғалім саны:25

18 наурыз елімізде қазақ халқының ұлттық киімдер күні деп атап өтілуде.Қазақстанның ұлттық киімі дәй әдемі болып келмей, бүкіл тарихымызды, дәстүріміз бен мәдениетімізді ашып көрсетеді. 2024 жылдың 18 наурыз күні «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық киімдер» сән көрсетілімі өтті. Қатысқан оқушы саны: 30.

2024 жылдың 01-10 маусым аралығында «Балаларды махабатпен қорғайық!» ұранымен өтіп жатқан «1 маусым –балаларды қорғау күніне» арналған негізгі шаралар аясында «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйымы 5- сынып оқушыларымен асфальтқа сурет салуды ұйымдастырды.Қатысқан оқушы саны: 10

«Жас Ұлан», «Альянс», «Адал ұрпақ», «Мектеп Парламент» ұйымының

2023-2024 оқу жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың саны

Р/СІс-шара саныҚатысқан оқушы саныҚатысушы қонақтар саныҚатысқан ата-аналар саныҚатысқан мұғалімдер саны
«Жас Ұлан» ұйымы
19243114
«Альянс» өзін-өзі басқару ұйымы
21137431715
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп ұйымы
38410501
«Мектеп Парламент» өзін өзі басқару ұйымы
411101811054
Барлығы392045192874

2021-2022 оқу жылы бойынша «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару

ұйымының атқарылған жұмысының

МОНИТОРИНГІСІ

2022-2023 оқу жылы бойынша «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының атқарылған жұмысының МОНИТОРИНГІСІ

2023-2024 оқу жылы бойынша «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының атқарылған жұмысының МОНИТОРИНГІСІ

ҰСЫНЫС:

  1. Оқушылардың көшбасшылық қабілеті, бойында азаматтық белсенділік,  азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, қоғам мен мемлекеттік жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын жоғары мәдениетті тұлғаны қалыптастыру.
  2. Мектептің «Өзін-өзі басқару» ұйымының жұмысын жандандыру.
  3. Оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, өз ойын еркін жеткізуге бағытталған жұмыстарды жалғастыру.
  4. Тәрбиеленушілер арасында  дебат қозғалысын жетілдіруге бағытталған шаралар санын арттыру.
  5. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын іс-шаралардың мазмұндылығы мен форматына назар аудару.
  6. «Мектеп Парламентінің» негізгі бағыттары бойынша іс-шараларға оқушылардың қатысымын көтеру.
  7. «Мектеп Парламент» ұйымының құрлымы мен кеңес мүшелерін бекітілген жоспар бойынша белсенді жұмыстың уақытылы ұйымдастырылуын басшылыққа алу.
  8. Оқу іс-әрекеті процесінде физикалық белсенділікті арттыруға  ықпал ету мақсатында «Мектеп Парламенті» көңілді үзілістердің жұмысын жаңдандыру.
  9. Атқарылған шараларды басылым бетіне жариялауды қолға алу.
  10. Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың зияны, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын- алуға арналған  жұмыстарының санын арттыру.
  11. «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының негізгі жұмысын «Біртұтас тәрбие бағдарламасымен» сабақтастықта ұйымдастыруды жалғастыру.  

Жауапты: «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару ұйым жетекшісі М.С.Досмағамбетова.