Skip to content

Майданда да, тылда да – заң мен тәртіптің қорғаны –…

Майданда да, тылда да – заң мен тәртіптің қорғаны – прокурорлар.

Ұлы Жеңіске прокуратура қызметкерлерінің қосқан үлесі туралы – Бас Прокурор Берік Асылов.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары қо­ғамда заң мен тәртіпті жедел орнату, қылмыспен күресті күшейту өзекті мә­се­леге айналды.
Сол се­­бепті көптеген ардагер прокуратураға са­­налы түрде келіп, қоғамда заңдылықты ны­ғайтуға, қоғамдық тәртіпті қалпына кел­тіруге, күрделі қылмыстық істерді тергеуге, сотта мемлекеттік айыптауды қолдауға ат­са­лысты. Олар әділдік пен жазаның бұл­жы­май орындалуы үшін аянбай еңбек етті.
Олардың қатарында Өтеген Сейітов бар.
Өтеген Сейітұлы про­ку­ратурадағы қызметін өте ерте, жас­өспі­рім шағында бастады. 16 жасында Оңтүс­тік Қазақстан облысы прокуратурасына құжат­тарды тіркеу бөліміне жұмысқа орналасты.
Алайда көп ұзамай соғыс басталып, 1942–1945 жылдары майданда шайқасып, Сталинградты қорғаушылардың қатарында болды. Үш рет ауыр жарақаттанса да, майданға қайта оралды. Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі «Отан соғысы», «Халықтар достығы» ордендерімен, басқа да марапаттармен наградталды.
Соғыстан кейін 1945 жылы желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы прокуратурасына тергеуші болып қабыл­­дан­ды және қызметтік сатының бар­­­лық кезеңінен өтті. 1966 жылдан зейнет­­­кер­лік­ке шыққанға дейін 18 жыл бойы Қазақ КСР Прокуратурасын басқарды.
Өтеген Сейітов тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыруға үлес қосқан көптеген прокурорға тағылымды тәлімгер, ғибратты ұстаз болды.
Бүгінде Ақтөбе қаласында, оның туған жері Шалқарда Өтеген Сейітовке арнал­ған ескерткіштер орнатылып, көше­лер­ге есімі берілді. Прокуратура органдарында 2023 жыл «Сейітов жылы» деп жарияланып, оның жүз жылдығы қарсаңында ардагердің ерлігі ұлықталып, еңбегі кеңінен насихатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *