Skip to content

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы…

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың ерлігі мен батырлығын, елге деген сүйіспеншілігін әлемге паш еткен қасиетті күн.
Майдан даласында елі үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігі мен тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың табандылығы – бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі.

Бізге осындай тыныш, тәуелсіз елде өмір сүруге мүмкіндік берген батырларымыздың рухына бас иеміз.
Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, мәңгі жүрегімізде сақталады.

Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен,
№5 мектеп-лицейдің директоры Ә.П.Әбдіғапарова

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *