2025 жылдың 25 сәуірінде мектебімізде «Құқықтық мәдениет» айлығы аясында жоғарғы сынып оқушыларына темір жол бойындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Іс-шараға оқушылар, мұғалімдер мен Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларды темір жол маңында жүріп-тұру қауіп-қатерлерінен қорғау, сондай-ақ осы қауіптерді алдын алу мақсатында ережелер мен ұсыныстарды жеткізу болды. Темір жол бойында жүріп-тұру кезінде қауіпсіздікті сақтау, әр адамның өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды мәселе екені айтылды. Сондықтан бұл іс-шара қауіпсіздік ережелерін сақтау тек міндет емес, сонымен қатар жауапкершілік екендігін еске салды.
Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмысын Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция мойоры Елеусізов Айтұрған Нұрдаулетұлы жүргізді.
Бұл шара оқушыларға қауіпсіз жүріп-тұрудың маңыздылығын түсіндіруге және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Қатысқан оқушы саны: 15
Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева


Ұсыныс:
- Қауіпсіздік ережелерін мектепте үнемі өткізу.
- Әлеуметтік желілерде қауіпсіздік туралы ақпарат тарату.
- Қауіпсіздік жөнінде ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізу.