Skip to content

🌞🌳 Көңілді күн – керемет әсер! 7в сынып оқушылары үшін…

🌞🌳 Көңілді күн – керемет әсер!
7в сынып оқушылары үшін таза ауада ерекше күн ұйымдастырылды!

✨ Тимбилдинг ойындары арқылы оқушылар бір-бірімен жақын танысып, сенімділік, қолдау, достық пен ынтымақты тереңірек сезінді. Командалық тапсырмалар оқушылардың бірлесе жұмыс істеу, көшбасшылық және жауапкершілік дағдыларын дамытты.

🍽️ Ойыннан кейін табиғат аясында ұйымдастырылған пикник оқушылар үшін нағыз демалыс пен қуаныш сыйлады. Дәмді тағам, көңілді әңгіме, таза ауа – бәрі де ерекше әсер қалдырды.

📸 Күлімдеген жүздер, белсенді балалар – бұл күн ұзақ есте қалары сөзсіз!

💫Осындай шаралар арқылы оқушылар тек демалып қоймай, өзара қарым-қатынасын нығайтып, мектеп ұжымының біртұтас бөлшегі екенін сезінеді.

🔰Сынып жетекші: С.Г.Искалиева.
🔰Өткізген: педагог-психолог Г.А.Абжанова
🔰Аталмыш шараға 15 бала, 1 ата-ана қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *