Skip to content

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсмен) Ақтөбе облысы бойынша…

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсмен) Ақтөбе облысы бойынша өкілінің бастамасын ілгерілету мақсатында, №5 мектеп-лицейі базасында «Білім беру ұйымдарындағы бала құқықтарын қорғау: омбудсмен қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында аудандық отырыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында бала құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, омбудсмен қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру және қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру. Сондай-ақ, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған тиімді іс-әрекеттерді үйретуге баса назар аударылды.
Жиын барысына қатысушы қонақтар:
Шалқар аудандық білім бөлімінің бас маманы – Ақмалай Дидара Аманғосқызы.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері – Есбосынов Сәбит Зұлқашұлы
Аудандық Полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны – Нағымбаев Еркебұлан Түгелбайұлы және білім беру ұйымдарының жетекшілері, өкіл мүшелері
Аудандық отырыс №5 мектеп-лицейінің республикалық «ҮЗДІК МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТ» өзін-өзі басқару ұйымы байқауының жеңімпаздары дайындаған «Менің досым — ең жақсы адамдар» атты сахналық қойылыммен салтанатты түрде ашылды.
Шараның негізгі бөлімінде:
• Асан Дана, №5 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, әрі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мектептегі өкілі (омбудсмен) баяндама жасады. Ол өз жұмысында омбудсмен қызметінің маңызы, бала құқықтарын қорғаудағы негізгі қағидалар мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
• Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К. Нұрмашева омбудсмен қызметінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *