ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ❗️
Ата-аналар мен қамқоршылардың назарына.
Балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
1. Баланы ешқашан терезе алдында жалғыз қалдырмаңыз.
Тіпті бірнеше минутқа қалдырсаңыз да, қауіп туындауы мүмкін.
2. Терезелерге арнайы қорғаныш тор (решетка) орнатыңыз.
Москіт торы (масадан қорғайтын тор) баланы құлаудан сақтамайды!
3. Терезе тұтқасына қорғаныш құлып (блокиратор) орнатыңыз.
Бұл – баланың өз бетімен терезені ашуына жол бермейді.
4. Терезе алдына жиһаз қоймаңыз.
Бала жиһазға шығып, терезеге оңай жете алады.
5. Балаға терезе — ойын орны емес екенін түсіндіріңіз.
6. Ауа кіргізу қажет болса, терезені жоғарғы жақтан ғана ашуға тырысыңыз (форточка режимі).
7. Үнемі бақылауда ұстаңыз.
Үйде бірнеше бала болса, бір-біріне еліктеуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.
#біртұтастәрбие
#қауіпсізтерезе

