🏐 Гандбол — жылдамдық пен дәлдікті талап ететін командалық ойын!
Бұл спорт түрі қимыл-қозғалысты, ұжымдық әрекетті және ой ұшқырлығын дамытады. Гандбол ойыны арқылы оқушылардың ептілігі мен төзімділігі артып, спортқа деген қызығушылығы қалыптасады.
2025 жылдың 10 желтоқсан күні 10-сынып оқушылары арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында достық “ГАНДБОЛ” жарысы ұйымдастырылды.
⚡️🏐🤾🏻♂️⛹🏻Жарыс барысында оқушылар жоғары белсенділік пен командалық рух танытты. Әр команда жеңіске жету жолында ұйымшылдық пен табандылық көрсетті. Ойын өте қызықты, тартысты және әсерлі өтті.
Нәтижесінде ДОСТЫҚ жеңді.
Мұндай спорттық іс-шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, достық пен ынтымақтастықты арттырады.
Қатысқан оқушы саны: 12
Өткізген: дене шынықтыру пәні нұсқаушысы Б.А.Машаков
