Күні: 29.05.2025ж.
Қатысқандар саны: 8 оқушы, ата- ана- 8, педегог- ассистент- 7
Мақсаты: 1.Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға дер кезінде кәсіби көмек көрсету.
2. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
3. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
Жауапты: арнайы педагог А.Қ.Балтабаева, логопед Ж.Нағашыбай
2025 жылдың 29 мамыр күні №5 мектеп-лицейінде «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» ұранымен ерекше назардағы балаларға қолдау көрсететін арнайы оқу кабинеті ашылды. Шара барысына білім беру ұйымы басшылары, ата-аналар, ұстаздар ұжымы қатысты.
Ерекше балаларға арналған кабинетіміздің лентасын қию рәсімі Аудандық білім бөлімінің басшысы – Башанов Аянберген Қонысбайұлы және мектеп түлегі Жарылғасынов Қуаныш және Орикешова Баян Абдисарықызына ұсынылды.
«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» кабинетінің мақсаты:
1.Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға дер кезінде кәсіби көмек көрсету. 2. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттар жайлы түсініктерін қалыптастыру. 3. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
Дефектологтың кабинеті жабдықталуы мен қолданылуына байланысты бірнеше аймақтарға бөлінді:
1 аймақ – Арнайы мамандардың маманның жұмыс орны.
2 аймақ – Ақпарттық әдістемелік аймақ
3 аймақ – Ойын – сауық аймағы.
4 аймақ- Демалыс аймағы
5 аймақ – Түзету – дамыту аймағы.
Аталған кабинеттің жабдықтауға демеушілік жасаған азаматтарға Алғыс хат табысталды.



