🌿♻️ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СВЕТОФОР: ЛИЦЕЙСКАЯ БИТВА УМОВ ♻️🌿
13 қараша күні 5–6 лицей сыныптарының арасында ерекше әрі танымдық “Экологиялық светофор” ойыны өтті 🚦.
📚 Бұл оқушылар жай ғана мектеп оқушылары емес — болашақ зерттеушілер, ойшылдар және табиғат қорғаушылары! Жаратылыстану пәні аясында экология, табиғат ресурстары мен саналы тұтыну туралы білімдерін көрсетті.
🔥 Жарыс форматында өткен бұл шарада командалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап, табиғат үшін “жасыл” немесе “қызыл” жолды таңдады. Логика, ұжымдық жұмыс пен тапқырлық — бәрі жоғары деңгейде!
🏆 Нағыз лицейлік идеялар мен білімнің шайқасы болды!
Ең бастысы — әр оқушы: “Мен табиғат үшін не істеп жүрмін?” деген сұраққа ойлана алды.
📚Өткізген география пәні мұғалімі Ш.Р.Рустембеков
