Skip to content

Діни жалған идеялардың алдын-алу бойынша «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс»…

Діни жалған идеялардың алдын-алу бойынша «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс» жөніндегі орталығының жоспарына сәйкес «Қауіпті діни ұйымдардың жұмыс тактикасы: вербовка, идеология,қысым әдістері» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары қатысуымен ашық алаң ұйымдастырылды.

Жиын барысына қатысқан қонақтар:
1.Ақтөбе облыстық «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы басшысы – Тобажанов Тоқтар Иманғалиұлы.
2. Ақтөбе облыстық «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы – Саматов Сапар Саматұлы.
3. Шалқар аудандық «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі» КММ теолог маманы – Жетпісбаев Асан Нұрланұлы

Шара барысында оқушыларға топтық жұмыстар беріліп, өз пікірлерін ортаға салды:
1-топ:
«Жат ағымдардың психологиялық тұзақтары»
2-топ
«Адасқан ағымдардан қорғану жолдары»
3-топ:
«Жат ағымдардың мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне және қоғамдағы этносаралық келісімге қандай зияны бар?»
4-топ
«Жат ағымдарға кірген адамның өзінің кәсіби болашағына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдағы орнына қалай кері әсер етеді?»
Жиын барысында дәстүрлі емес діни ағымнан қорғанудың негізгі кілті – білім, сауаттылық және дәстүрге деген беріктік екенін кеңірек түсіндіріп өтті.
Қатысқан оқушы саны -110.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *