Күні: 20.09.2024ж.
Қатысқандар саны: 2 оқушы
Мақсаты: түстерді танып білу, қызығушылығын ояту, балалардың ой өрісін, зейінін жетілдіру,
Жауапты: арнайы педагог А.Қ.Балтабаева.
Мақсаты: Оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа және жылдамдыққа тәрбиелеу. Түстерді ажыратуға жаттықтыру, ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін және қол мен саусақ ұштарының қимылдарын және сенсомоторлық кеңістік «көз-қол» үйлесімдігін дамыту.
2024 жылдың 20 қыркүйек күні дидактикалық ойындар арқылы түзету жұмысы өткізілді.Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну, зерттеп салыстыру қабілетін ұштап, сөздік қорын молайту; ізденімпаздық, тапқырлық, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін ояту, қырағылығын, зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін арттырып, сезімталдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді.



