🏫 Бүгін мектебімізде ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды. Бұл – баланың тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болуының жарқын үлгісі.
Ата-аналар мектеп өміріне белсене араласып, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Мұндай игі шаралар – мектеп пен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынастың нығаюына жол ашады.
Бала тәрбиесі – бәрімізге ортақ іс. Осы ортақ іске атсалысып, қолдау білдірген ата-аналарымызға алғысымыз шексіз:
🔻 3 «Г» сынып ата-анасы – Исхакова Эльмира
🔻 4 «Г» сынып ата-анасы – Умбетова Ж.К.
🔻 10 «Б» сынып ата-анасы – Туменова Г.А.
🔻 7 «Б» сынып ата-анасы – Қалабаева М.
Сіздердің белсенділігіңіз – барша ата-аналарға үлгі!
Бала үшін біргеміз! Тәрбие жолында тізе қосайық!

