*”Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз” жобасы аясында 1 “В” сыныбында “Сен және мен біз доспыз!”* тақырыбында *DosBol Like* бағдарламасы бойынша сынып сағаты өткізілді. Мақсаты — жағымды қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдыларын дамыту. Оқушыларды достыққа, өзара сыйластыққа, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, “достық” ұйымының мәнін тереңірек түсінді.
Түрлі жағдаяттар талқыланды.
🫶Әр бала-ерекше. Біз-біргеміз!
Өткізген: И.Н Кожамуратова
