Skip to content

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында №5 мектеп-лицейі мен Қазанғап…

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында №5 мектеп-лицейі мен Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің өзара ынтымақтастығы негізінде құрылған «Өнерге қанат қаққандар» жобасының шығармашылық есебі өтті. Шәкірттерін өнер әлеміне бастаған бұл жоба 2022-2023 оқу жылында ата-аналарының қолдауымен ашылған еді. Қазіргі таңда оқушылардың өнер айдынында кең қанат жайып, өз орындарын табуға септігін тигізуде.
Бүгінгі шараға қатысушы құрметті қонақтар қатарында ардагер ұстаздар:
1. Қали Раушан Досымқызы
2. Тажмакова Рахима Құттығұлқызы
3. Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің директоры Үмбетова Гүлбану Галимуллақызы.
4. Саз мектебінің оқу жөніндегі орынбасары – Тулешова Минтай Искаковна
5. Хор жетекшісі – Сәрсенбаев Нұрсұлтан Жексенбайұлы
6. Дәстүрлі ән жетекшісі – Елибаева Акмарал Тугелбаевна
7. Домбыра жетекшісі – Ыбырайымов Бекнұр Бекболатұлы
3г сыныбы ата-аналар ұжымы қатысты.
№5 мектеп – лицей директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызы жобаның жүзеге асып, қолдау табуына жол ашқан барлық жетекшілер мен ата-аналарға алғысын білдіріп, жас өнерпаздардың өнерінің өрге жүзуіне сәттілік тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *