Skip to content

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Сәбит Мұқановқа арналған библиографиялық шолу өтті…

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Сәбит Мұқановқа арналған библиографиялық шолу өтті 📚✨

2025 жылдың 16 сәуірі күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 9 “В” сынып оқушыларымен қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық шолу өткізілді.

Бұл шолу барысында жазушының өмір жолы, әдеби мұрасы мен қазақ әдебиетіндегі орны туралы негізгі деректер ұсынылды.

Сәбит Мұқанов – қазақтың танымал жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым және қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаманшұбар ауылында дүниеге келген.
Жастайынан қиындық көрген ол ауыл молдасынан хат танып, кейін Омбы қаласындағы жұмысшылар факультетінде, Мәскеудегі Қызыл профессура институтында білім алған.

Іс-шараның мақсаты:
• Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау;
• Жазушының әдеби мұрасын оқырманға таныстыру;
• Жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
• Сәбит Мұқанов еңбектерінің қоғамдық-рухани маңызын көрсету.

Қатысқан оқушылар саны: 16 оқушы ✅

#СәбитМұқанов125жыл
#БіртұтасТәрбие
#ҚазақӘдебиеті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *