🌍🕊️«Бірлік алаңы» атты көрмеде мектептің әдістемелік бірлестіктері өздерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін ерекше таныта білді.
Көрме барысында әрбір ұжымның өнері, креативті идеялары мен ұйымшылдығы көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Қазақ тілі, Орыс тілі және Ағылшын тілі пән бірлестіктері үздік деп танылды.
Шара аясында ұйымдастырылған «Достық дастарханы» бөліміне белсене атсалысқан ата-аналарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл көрме ұжымдық бірлікті, шығармашылық ізденісті және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеген тағылымды іс-шара болды.
*#БірліккүніменАқтөбе2025, #БірлікҚХААқтөбе2025*
