Skip to content

“Бала құқығы-асыл қазына” атты дөңгелек үстел

Мақсаты:

  • Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;
  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіруін және сөздік қорын молайту;
  • Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, қатысушылар! Бүгін біз сіздермен әр баланың құқығы туралы және бала құқығының маңыздылығы туралы талқылайтын боламыз!

 «Тәрбие- ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі»

Қазір қоғамда «қиын» балалар, жасөспірімдер, ата-анасы көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға душар болғандар көп. Біздің мақсатымыз – балаларды жан-жақты тәрбиелеу. Осы мақсатымызды жүзеге асыру жолында мектебімізде көптеген ата-аналармен жұмыстар өтуде.

Сонын бірі бүгінгі «Бала құқығы-асыл қазына» атты ата-аналарға арналған дөңгелек үстеліміз, ендеше қош келдіңіздер.

Олай болса бүгінгі қатысушы қонақтармен таныс болыңыздар.

1.Шалқар аудандық “Жастар ресурстық орталығының” директоры А.Е.Ембергенов.

2.Аудандық Полиция  бөлімінің ЖЛҚБ КТІ УПИ полиция капитаны Е.Т. Нагымбаев.

3.”Аналар” кеңесінің  төрайымы А.Ж. Маштаева.

Жүргізуші:  Бала – біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру – біздің міндетіміз.

Назарларыңыз экранда болсын! (ВИДЕО)

Жүргізуші:  Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады. Балалардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Адамның құқықтық мәдениеті өте күрделі. ХХІ ғасырдың лайықты азаматы етіп қалыптастыру педагогтар мен ата – аналардан сындарлы жауапкершілікті талап етеді. Біздің мақсатымыз еліміздің өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, қоғамдық өмірге икемделген, біліммен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу болып табылады

Топтық жұмысымызға кірісейік

1. «Тығырықтан шығар жол қайсы?»  яғни оқушыларға тақырыпқа байланысты ситуациялық жағдайлар беріліп , оқушылар   ситуациялық жағдайдан шығу қажет

1-тапсырма.

Нұрлан 5 – сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата – анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата – анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата – аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата – анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата – анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке – шешесі салғырттық танытады.

Сұрақтар:

1. Нұрланның ата – анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз? 

3. Ата – ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

2-тапсырма.

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман – есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.

Сұрақтар: 

1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген? 

2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады? 

3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

3-тапсырма

Алматы қаласының тұрғыны Төрекулов «Иегов куәлары» деген діни сектаға қатыса бастады. Арада біраз уақыт өткенде оған 12 жастағы ұлы Фархатты да тартты. Төрекуловтың әйелі басында бұған онша мән бермесе де, бірақ күйеуі Фархатқа бірнеше сағат намаз оқытып, діни әдебиеттерді оқуға күштегенде мазасыздана бастады. Әйелінің бұл жөніндегі ренішінен тиісті нәтиже шықпады.Төрекулов бір айдан кейін «мектептегі тәрбие пайда бермейді» деген ойға келіп ұлын мектепке жібермей қойды. Баласының тағдырына алаң болған Төрекулова заңгердің көмегіне жүгінді.

Сұрақтар: Әкесі Фархаттың қандай құқығын бұзып отыр?

Қонаққа сұрақ бағыттау.Некелік отбасылық заңда ата-аналардың өз балаларының құқықтарын бұзғаны үшін оларды жауапкершілікке тарту көзделген бе?

4 тапсырма

Екі дос Арман мен Айдос көп ақша табудың оңай жол, дүкеннің кассасын жабар алдында тонау деп өзара әңгімелеседі. Ол үшін кару керек-дейді Арман. Тауып көрейік деп береді Айдос. Содан кейін олар қаруды табу үшін ешкқандай әрекет жасауға талпынбайды.

Сұрақ:

  1. Бұл қылмыс болып табылады ма?
  2. Қосымша сұрақ?

Сабақ уақытында оқушы сыныпта қозғалып жүр,  өйткені ол жүруге құқығым бар деп есептейді.

2.  Сурет салу кезеңі. Бұл кезеңде топтарға 4 тақырып тастаймын. Әр топ өз ойларын сурет салу арқылы жеткізеді. (булинг, кибербуллинг, бейресми топ, нашақорлық)

Сурет салып аяқталғанша сіздерге

3а сынып оқушысы Бакиева Шырайдың орындауында ән: «Бала тілегі»

Қорытындылау сөзін қонақтарға ұсынады.

Жүргізуші: Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты»  екенін ұмытпағанымыз жөн.

 Ендеше сабағымыздың соңынды сіздерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, аулақ бол.

Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен.

Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

№5 мектеп-лицей

          «Бала құқығы-асыл қазына» атты дөңгелек үстел

Өткен күні: 22.11.2024ж.

Өткен орны: Акт зал

Формат: дөңгелек үстел

Өткізген: Әлеуметтік педагог П.А.Бакеева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *