АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа (қазақ тілінде және орыс тілінде оқытылатын сыныптарға) барлық 6 жасқа толған және ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
✅ 1-сыныпқа өтінім «Электрондық үкімет» порталы арқылы тіркеледі.
📌 Өтінімге тіркелетін құжаттар:
• Баланың 3х4 см өлшемдегі сандық фотосуреті
• 052-2/е нысанындағы «Баланың денсаулық паспорты» медициналық анықтамасы
• 065/е нысанындағы «Профилактикалық егу картасы» медициналық анықтамасы

