Ата-аналар кезекшілігі – ортақ тәрбиеге бастар жол!
🏫 Бүгін мектебімізде ата-аналар кезекшілігі өтті. Бұл – баланың тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың өзара бірлесіп әрекет етуінің жарқын үлгісі.
Ата-аналар мектеп өміріне белсене араласып, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін бақылауға атсалысты. Мұндай іс-шаралар – мектеп пен отбасы арасындағы сенімді нығайтатын алтын көпір.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет.
Іс-шараға атсалысып, қолдау көрсеткен ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз:
🔻 3 «В» сынып ата-анасы – Иголкина Т.Ю.
🔻 4 «В» сынып ата-анасы – Ю. Комлева
🔻 10 «А» сынып ата-анасы – Нұралина Г.О.
🔻 7 «А» сынып ата-анасы – Жалмұханбетова Э.О.
Сіздердің белсенділігіңіз – барша ата-аналарға үлгі!
Бала үшін – біргеміз! Тәрбиеде – тізе қосайық!

