Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «Тиімді тамақтану-денсаулық кепілі» атты іс-шара АНЫҚТАМА

           2025 жылдың 23 қаңтар күні жасөспірімдердің дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, олардың денсаулығын нығайту мақсатында “Тиімді тамақтану – денсаулық кепілі” апталық аясында шара  ұйымдастырылды.  Шара барысында оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру үшін арнайы жұмыстар ұсынылды. Шараға Шалқар аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Берденова Қаламқас Қапанқызы қатысып, жасөспірімдер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастырудағы өте маңызды және пайдалы ақпараттармен бөлісті.

       Тиімді тамақтану — бұл адамның денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында дұрыс және теңдестірілген тамақтану қағидаларын ұстану процесі. Мұнда адамның организмінің барлық қажеттілігі ескеріледі: энергия, дәрумендер, минералдар, ақуыздар, майлар мен көмірсулар. Тиімді тамақтану туралы маманмен кездесу көбінесе денсаулықты жақсарту, салмақты бақылау, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру және жалпы денсаулықты нығайту мақсатында өткізілді.

Қатысқан оқушы саны: 78

Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *