Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «Мейірімділік ошағы» қайырымдылық акциясы АНЫҚТАМА
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады»
2024 жылдың 15 қараша күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Мейірімділік ошағы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Мектеп жанынан құрылған «Сенім» ұйымының мүшелері материалдық көмекті қажет ететін 10 отбасыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстады.
«Мейірімділік ошағы» қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева





