Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «Құқық бұзушылық және жасөспірім» атты түсіндірме жұмысы АНЫҚТАМА

          2024 жылдың 29 қараша күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Әділдік пен жауапкершілік” айы аясында “Заң және тәртіп» атты құқықтық айлық барысында 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен  “Құқық бұзушылық және жасөспірім” тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мақсаты: Окушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық  бұзушылық және қылмыс  белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің  құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Окушылардың құқық  бұзушылық және қылмыс  белгілерімен, түрлерімен таныстыру, мөлтек ауданға қарасты дүкендерге ата-аналарсыз кіруге, рұқсатсыз заттарды алуға болмайтындығы туралы кең ауқымды түсіндірме жұмысын жүргізу.

          Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Қатысқан оқушылар саны: 87

Қатысқан қонақтар:

  1. Аудандық Полиция  бөлімінің ЖЛҚБ КТІ УПИ полиция капитаны Е.Т. Нагымбаев.

Ұйымдастырушы:  мектептің әлеуметтік педагогы П.А.Бакеева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *