2025 жылдың 31 қаңтар күні мектебімізде “Бала психологиясының дамуындағы ата-ана рөлі” тақырыбында ата-аналардың бала психологиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың баланың дұрыс дамуында алатын маңызды рөлін көрсету мақсатында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ата-аналарға балалардың эмоционалдық, танымдық және әлеуметтік дамуының негізгі кезеңдері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ата-аналардың баланың мінез-құлқына, эмоционалды жағдайына және тұлғалық ерекшеліктеріне әсер ететін тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылып, психологиялық тренингтер, ақпараттық сессиялар мен сұрақ-жауап сессиялары ұйымдастырылды.
Ата-аналармен коучинг бала тәрбиесі мен психологиясының негізгі аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ата-аналарға баланың жеке тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, оны эмоционалды және әлеуметтік тұрғыда қолдауға көмектеседі. Мұндай коучингтер ата-аналардың сенімін арттырып, баланың психологиялық дамуына оң әсер етеді.
Іс-шарада қолданылған әдістер мен техникалар:
• Ақпарат беру: Бала психологиясы, дамудың кезеңдері, эмоциялық интеллект, қарым-қатынас дағдылары сияқты тақырыптар бойынша ақпарат ұсыну.
• Тәжірибелік жаттығулар: Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған рөлдік ойындар немесе ситуациялық жаттығулар.
• Жеке сұхбаттар: Әрбір ата-ананың қажеттіліктері мен сұрақтарын тыңдап, оған сәйкес кеңестер беру.
• Қолдау көрсету және кері байланыс: Ата-аналарға тәрбиелеу әдістері мен стратегияларын практикада қолдануға көмек көрсету.
Қатысқан ата-ана саны: 17
Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А.Бакеева
Мектеп психологі Г.А.Абжанова


