Skip to content

Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен өткен «12 мамыр Аналар күніне» «Мерейлі отбасы» атты шеберлік сағаты АНЫҚТАМА

2025 жылдың 12 мамыр күні мектебімізде «Аналар күніне» орай халқымыздың бай мұрасы – қолөнер құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ана өнері – ұлт қазынасы» атты шеберлік сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар: 

– ақшадан гүл шоғын жасау; 

– құрақ көрпе тігу; 

– макияж өнері; 

– ұлттық сәндік бұйымдар әзірлеу; 

– тортты көркемдеп безендіру; 

– жемістерден ерекше композициялар (кеспе) жасау сынды шеберлік жұмыстарын ұсынды.

Бұл шеберлік сабағы – аналардың өнерін насихаттап, ұлттың рухани байлығын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар өз қолымен жасаған жұмыстарын көрсетті, шебер аналармен тәжірибе алмасты.

Шын мәнінде, ана өнері – сарқылмас қазына, ұлттың рухани өзегі.

Іс-шараны ұйымдастырған: әлеуметтік педагог П.А. Бакеева 

Қатысқан оқушылар саны: 35

Ұсыныс:

1. Аналар мен әжелерді белсенді тарту: Қолөнерді өмірде қолданатын тәжірибелі аналар өз білгенін оқушыларға үйретсе, байланыс күшейе түседі.

2. Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру: Қолөнер бұйымдарын, торттар мен гүл шоқтарын көрмеге қойып, үздіктерін марапаттау.

3. Мастер-класс түріндегі секцияларға бөлу: Әр бағытты (көрпе тігу, сән бұйымдары, макияж, аспаздық) жеке бұрыштарда өткізу – қызығушылықты арттырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *