«Ал мен осылай жасаймын» номинациясы
«Заманауи педагог: бастама және шығармашылық» атты аудандық байқауда ІІ (негізгі) деңгей – «Мұғалім көшбасшылығы» бағыты бойынша
мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі — Загитова Мирамкул Загитовна III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мұғалім көшбасшылығы идеяларын тиімді жүзеге асырып, бағдарлама негізінде коучинг сессиясын жоғары деңгейде ұйымдастырған әріптесіміздің жұмысы әділқазылар тарапынан лайықты бағасын алды.
№5 мектеп-лицей «Шамшырақ» ұжымы бұл жетістікті үлкен қуанышпен атап өтеді.
Әріптесіміздің кәсіби ізденісі мен көшбасшылық қабілеті — ұжым үшін үлгі!
Құттықтаймыз!Жаңа жетістіктер мен шабытты сәттер көп болсын!
#Шамшырақ_қоғамдастығы
#мұғалімкөшбасшылығы
#тиімдікоучинг
#заманауипедагог
#Шалқарбілім
#№5мектеплицей

