📚Ағымдағы жылдың 14 қараша күні 3–4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты:
🔹 Математика пәні бойынша қабілетті оқушыларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру;
🔹 Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу;
🔹 Жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру;
🔹 Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру;
🔹 Математика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету.
Іс-шара барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау дағдыларын шыңдады. Олимпиадаға қатысқан барлық оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіреміз! ✨ Облыстық кезеңге СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
Қазылар алқасы құрамында:
Төраға – аудандық білім бөлімінің бас маманы, Ж.Ә.Бекетова
Төраға орынбасары – әдістемелік құрылымдық бөлімшенің әдіскері, А.М.Қалықбай
Хатшы – әдістемелік құрылымдық бөлімшенің әдіскері, Ж.К.Аманбаева
Мүшесі – №5 мектеп-лицейінің техник-программисті, К.Т.Аленов
@zerdeli
@aqtobe_oblysy_akimdigi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aktobe_daryn
