«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА «Тәуелсіз Қазақстан — Ұлы дала елі» атты фото көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — туған еліміздің табиғатын, мәдениетін, қалаларын және жетістіктерін насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Бұл шара Қазақстанның бай тарихы мен дамыған келбетін таныстырып қана қоймай, жастардың елге деген мақтаныш сезімін арттыра түсті.
Жауапты: «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды.
