Skip to content

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, «Шабыт» жобасының…

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, «Шабыт» жобасының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Елімнің рухы – еркіндік әні» байқауы төмендегідей бағыттар бойынша өткізілді:

🔹 1–4 сыныптар (желтоқсан айы) – «Елдігім – Тәуелсіздік» патриоттық әндер байқауы;
🔹 5–8 сыныптар (сәуір айы) – кинофильмдерде орындалған патриоттық әндер байқауы;
🔹 9–11 сыныптар (ақпан айы) – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы патриоттық әндер байқауы.

2025 жылғы 12 желтоқсан күні 2–4 сынып оқушылары арасында «Елдігім – Тәуелсіздік» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өткізілді.

🎯 Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыру, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын дәріптеу, ел тарихы мен ұлттық бірегейлікті ән арқылы насихаттау. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, вокалдық мәдениетін жетілдіру, сахнада өзін еркін ұстауға тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерге, ана тіліне, туған жерге деген құрметін арттыру.

👩‍⚖️ Қазылар алқасының құрамында:
— тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қоңырбаева;
— Шалқар ауданының айтыскер ақыны, сазгер Е.С. Елманов;
— алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі М.С. Нұрпейісов;
— музыка пәні мұғалімі Ж.Ә. Жолмағамбетова болды.

🏆 Нәтижесі бойынша, үздік сыныптар мамыр айында «Ең үздік вокал» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталады.

👧👦 Қатысқан оқушылар саны: 252.

📌 Іс-шараны өткізген:
«Шабыт» жоба жетекшісі — Жолмағамбетова Жанар Әділгерейқызы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *