Skip to content

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында⚖️ “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” айлығының…

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында⚖️ “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” айлығының жоспарына сәйкес
10А мен 10Б сыныптар арасында “Оқушылардың әлеуметтік желідегі мінез-құлқын реттеу-бұл олардың жеке өміріне араласу емес, қауіпсіздігін қамтамасыз ету” тақырыбында дебат ойыны өтті.
💎"Ұшқын"мен "Ақиқат" фракциялары өздерінің шешендік қабілеттерін көрсетіп, көзқарастарын қорғау, дәлелдеу және қарсыластарының пікірін құрметтей білу дағдыларын көрсетті. Командалар қазіргі өмірден жарқын мысалдар келтіріп , пікірталаста тәрбиелік мәнге ие пайдалы танымдық ой салды.
Ойын нәтижесінде үздік атанған "Ұшқын"фракциясы.
"Үздік спикер" номинациясын
Кенжебекқызы Бақытнұр, Ұзақбай Қарақат жеңіп алды.
🎯 Айлықтың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағыну, әділдік пен жауапкершілік секілді құндылықтарды бойларына сіңіру.

📢 Құқықты біл, құрметте, сақта!
Қатысқан оқушы саны: 17,мұғалім:2
Сынып жетекшілер:
А.С.Ешмұханова
Ф.К.Уразаева

#АдалАзамат
#ЗаңМенТәртіп
#ҚұқықтықТәрбие
#Мектеп2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *