Skip to content

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шыншыл болу – әділ…

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шыншыл болу – әділ болу» апта дәйексөзіне байланысты мектепалды «Б» сыныбының тәрбиеленушілеріне адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Әке мен бала» мультфильмі көрсетілді.
Көрсетілім топтық форматта ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер мультфильм мазмұнын қызығушылықпен тамашалады. Көрсетілім соңында балалар өз ойларын ортаға салып, әкеге деген сүйіспеншілік, отбасындағы жауапкершілік, шыншыл, әділ болу, бір-біріне қолдау көрсету тақырыптарында пікір алмасты.
Тәрбиеші оқушылардың ой-өрісін дамытуға, дұрыс мінез-құлық пен адамгершілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қатысқан оқушы саны: 11
Тәрбиеші: А.М.Жасақбай
#мадбірлестігі5

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *